Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Әліппе - ғылым анасы
24.09.2015, 13:44 | |
Әліппе - ғылым анасы. Мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету; тілін дамыту, сөздік қорын молайту; ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Кеше ғана жаңа мектептің табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, білім бастауы Әліппені аяқтап отыр. Мұғаліммен бірге, оқушымен қоса оқыған ата - аналар еңбегінің жемісін көрейік. Қымбатты шәкірттерім, білім жолына бастаған қадамдарың құтты болсын! 1 - оқушы: Өтті оқу, сан сабақ, Бүгін үлкен салтанат, Оқулықпен достассақ Әліппемен қоштаспақ Өсті білім бойымыз. Хормен: Құтты болсын тойымыз! 2 - оқушы: Жақсы білім көрімдік, Болсын сізге халайық, Не үйреніп, не білдік, Қане, ортаға салайық. 3 - оқушы: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік. 4 - оқушы: Бар кітапқа бас болған Әліппе - ғылым анасы. Әліппеден басталған Даналықтың данасы 5 - оқушы: Мен енді өзім - ақ оқып, жаза аламын. 6 - оқушы: Мен кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендім. 7 - оқушы: Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге, Ықылас пен тоқылық! Мұғалім: Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші. Іші толған әріпке, Білімдіге жарық не? Оқушылар: Болашаққа жол ашқан, Ол – сүйікті Әліппе. Мұғалім: Олай болса, бәрімізге қымбатты дос «Әліппені» ортаға шақырайық. Оқушылар: Әліппе, Әліппе, Әліппе! (ортаға Әліппе шығады) Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 547 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |