Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Лагерь аруы - 2014
24.09.2015, 11:21 | |
Мақсаты: Қазақ қыздарына тән адамгершілік пен эстетикалық рухта тәрбие бере отырып инабаттылыққа, парасаттылыққа баулу, мейірімділік пен қайырымдылықты, биязылықты бойларына сіңіре отырып білімдарлыққа баулу, халқымыздың салт - дәстүрін, өнегелі нақыл сөздерді асыл қазына екенін бойларына санасына сіңіру. Жоспары: 1. Таныстыру 2. Сұрақ жауап 3. Өз өнері (ән, би ) 4. Шаш өру, оны таныстырады 5. Мәнерлеп оқу 6. Ою ойып, оны таза параққа жапсырады 7. Қорытынды Ж: Құрметті жиналған қауым! Бүгін біздің мектепте дүбірлі той, Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді ғой, Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп. Ж: Сәлеметсіз бе, өнер сүйер асыл халқым, Мереке құтты болсын, ауылдасым. Тағы да келіп жетті сайысымыз Жырлайтын қазағымның дәстүр - салтын. «Іске сәт» дей келе байқауға қатысатын аруларымызды ортаға шақырамыз. Ж: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар, Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар. Кім өнерлі, кім тапқыр, шешуі қиын. Қазылар алқасы болмаса сынға алар. Әділ қазы мүшелерімен таныстырып өтейік 1. 2. 3. Ж: Мың бұралған арулар аңдап басып, Келеді міне ортаға толқып, тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Қошеметпен аруларды қарсы алайық Ж: Қыз сыны, қыз әдебі, Тал бойы жарасқан, күлкі әдебі. Сайысқа келген қыздарымыз кезектесіп Таныстырып өздерін өтсе дейміз. Өзін - өзі таныстыруға кезек берейік Ж: Туған соң адам боп, Білімсізден жаман жоқ. Ел дәстүрін білмесең, Жұрт айтады надан дер. Ата - бабаң ардақты, Жамандыққа бармапты. Ардақ тұтып үлкенді, Ата - жолын жалғапты. Сайысымыздың келесі бөлімі «Сұрақ жауап?» Әр аруға 2 – н сұрақ беріледі Ж: Қыз емес қыздың аты – қызыл алтын, Көрінер туған айдай жүзі жарқын. Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес, Халықтың сақтай білген ізгі салтын. Сайысымыздың келесі бөлімі «Өздері өрген сән, шаш үлгілерін таныстыру» Ж: Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда. Өнерлінің ырысы Жарқырап жатыр жолында Сайыста ән салайық, би билейік, Өнерімен өрге басып кідірмейік. Өз өнеріне кезек береміз. Ж: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан Шеше көрген тон пішер деген рас Қыздарымыз шебер қолға араласқан Келесі бөлімге түйме тағуға береміз Ж: Ақын болып әділдікті жақтап өтемін, Ананың ақ үмітін ақтап өтемін Әдеп пен инабатты сақтап өскен Қазақтың аруларын мақтан етемін Ақын мен әнші деген ел еркесі Қазақтың тарқамасын берекесі – Келесі бөлім Мәнерлеп өлең оқу Ж. Бақытың бастан кетпесін Жамандық қуып жетпесін Әсем күлкі жүзіңнен Өмір бойы кетпесін Сау болыңдар, көргенше, Қайта айналып келгенше Қорытындылау және марапаттау | |
Просмотров: 702 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |