Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Кітап рухани - сарқылмас қазына
[ · Скачать удаленно () ] 24.09.2015, 15:35
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
Аудандық семинар әзірлемесі
Мақсаты: оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, кітапханаға оқырмандар тарту, оқырмандардың ой - өрісін дамыту, оған кітаптарын талдай отырып, рухани тәлім - тәрбие беру.
Көрнекілігі: кітап туралы қанатты сөздер жазылған плакаттар, слайд арқылы ұлы адамдардың кітап, ғылым - білім туралы айтып кеткен даналық ой - пікірлері, кітап көрмесі.
Сахнада баяу музыка ойнап тұрады.
1 жүргізуші: Нұрсұлтан
Қуан кітап, қуанатын күн бүгін
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Кел, оқырман тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

ІІ жүргізуші: Меруерт
О, кітап бас иемін мәртебеңе,
Игілік - қазынасың бар адамға.
Сен берер жақсылықтың есебі жоқ,
Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?

1 жүргізуші: Нұрсұлтан
Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі – осы кітаптар.

ІІ жүргізуші: Меруерт
Рухани білімнің, рухани мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап» деген құдіреттен тапты. Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған ХХІ ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі – кітап.
І жүргізуші: Нұрсұлтан
Олай болса, мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Кітап – рухани сарқылмас қазына» атты аудандық кітапханашылар семинарына арналған әдеби - музыкалық шараны назарларыңызға ұсынамыз.

ІІ жүргізуші: Меруерт
Жыр келеді өмірге, жыр келеді,
Тоқсан толқын сөз тасқын түрленеді.
Құшырланып қағазға төне берсем,
Кеудемнің бақшасы тұр гүлдегелі - дей келе 10а - сынып оқушысы Ықылас Әлидің Арнауын қабыл алыңыздар
Кітапханашы /Меруерт/
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін, – деп Мұзафар Әлімбаев ағамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде – ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Сарқылмас, қазына, кітап, рухани
Просмотров: 1004 | Загрузок: 346 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar