Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Кім көп біледі?
24.09.2015, 11:27 | |
Cайыс «Кім көп біледі?» Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сабақтан алған білімдерін пысықтау. 2. Оқушылардың өз білімдерін жеткізе білу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3: Ортада өзін ұстауға, сабырлылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, шарлар Түрі: жарыс сабақ Әдісі: сұрақ - жауап Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі сынып сағатындағы 3 Г сынып оқушылары арасындағы «Кім көп біледі?» атты сайысқа қош келдіңіздер. Сайысқа сыныптан 3 топ қатысады. Бұл сыныптағы өткізіп отырған сынып сағатының мақсаты оқушылардың жалпы сабақ бойынша алған білімдерін тексеру. Сайыс 6 бөлімнен тұрады 1. Таныстыру 2. Топ сайысы (әр топқа 6 сұрақ қойылады) 3. Естімеген елде көп (логикалық сұрақтар 2-ден) 4. Жалғасын тап (мақал - мәтелдерден жарыс) 5. Жеті жұрттың тілін біл (жұмбақтар шешу; қазақша, орысша жауабын айту) 6. Топ басшылар сайысы (3 сұрақтан беріледі) 1 - жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына Шығыңдар білі шыңына Ұқыптылық пен зеректік Жеткізер сіздей өренді Білімнің нәрлі сырына 2 - жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер Бір - біріңе еріңдер Біліміңді тексеріп Бәйгеге қатысып көріңдер Бәйгеге түсіп жарыспай Жүйріктің бағы жанар ма Білім мен өнер жарысып Тәрбие – тәлім табар ма Бұл бәйге ойдың бәйгесі Кім жүйрік ойға сол алда - дей отырып сайысымызды бастаймыз Сайысымыздың 1- кезеңі бойынша топтар өздерін таныстырады 1 - топ Қыран тобы Ұраны Біз қыранбыз, қыранбыз Бәйгеде біз алдамыз 2 - топ Жасұлан тобы: Ұраны: Бұл айтыста болма бос Біліміңе білім қос 3 - топ: Ұраны: Сайысымыздың екінші бөлімі бойынша әр топқа 6 сұрақ беріледі. 1 топ 1. Білім күні (1 қыркүйек) 2. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра) 3. жаңа әнұран қашан қабылданды? (2006 ж қаңтар) 4. Ән ұранның авторлары кім? 5. 1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет 4 жұмыртқа пісіру үшін неше минут қажет? 6. Қазақтың тұңғыш ғарышкері (тоқтар) 2 топ 1. Республика күні (25 қазан) 2. Ұя салмайтын құс (көкек) 3. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады? 1991 ж 1. 12 4. Қазақстан туының авторы? Ш. Ниязбеков 5. Мәтін дегеніміз не? 6. 1 кг мақта ауыр ма 1 кг темір ауыр ма? 3 топ 1. Абылайдың шын аты? Әбілмансұр 2. Елтаңба авторлары кім? (Шота Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков) 3. Бір сыйлықты орау үшін 30см жылтыр қағаз керек, 7 сыйлыққа қанша см керек? 4. Түбір дегеніміз не? 5. ҚР - ның Ата заңы қай жылы қабылданды? (30 тамыз 1995ж) Үшінші бөлім бойынша Естімеген елде көп логикалық тапсырмалар 1 - топ: 1. Су астында сіріңке жағуға бола ма? (болады егер сүңгуір қайықта болсаң) 2. Қандай сұраққа иә деп жауап бере алмайсың? (Ұйықтап жатырсың ба?) 2- топ: 1. Жұмылған көзбен не көруге болады? (түс) 2. Адам үйден биік секіре ала ма? (үй секірмейді) 3 топ: 1. Қандай ыдыстан тамақ жеуге болмайды? (бос) 2. Шайды қай қолмен араластырған дұрыс? (қасықпен) Төртінші бөлім: жалғасын тап «Мақал - мәтелдер жарысы» 1 - топ: 1. Арқанды ат... (қазығына оралар) 2. Жылы - жылы сөйлесең,... (жылан інінен шығар) 3. Ұстазы талантты болса, Шәкірті... (талапты болар) 4. «Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама», 2 - топ: 1. Ас атасы - ......../нан/ 2. өз елім -........................../өлең төсегім/ 3. Оқу білім бұлағы,............. /білім өмір шырағы/ 4. Әдептілік белгісі,................./иіліп сәлем бергені/ 3 - топ: 1. Кітап білім................. /бұлағы/ 2. Тіл қылыштан да......................../өткір/ 3. Отан үшін отқа түс....................... /күймейсін/ 4. Отан................................................ /оттан да/ ыстық Бесінші сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл» 1 - топ: 1. Жүз теңгең болғанша жүз....... болсын (дос друг) 2. Футболшының алаңдағы ойын заты (доп - мяч) 3. Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап - книга) 4. Жеті қазынаның бірі (ит - собака) 2 - топ: 1. Ұшқан.... жүгірген аң бәрі тамақ (құс - птица) 2. Сағат сайын қағылады Тек мектептен табылады. (Қоңырау - звонок) 3. Бірінші байлық (денсаулық - здоровье) 4. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі (көктем - весна) 3 - топ 1. 5пен бестің қосындысы (он - десять) 2. Мені жұтсаң қуанып, Тыныс алып тұрасың (ауа - воздух) 3. Ең қымбат адам (ана - мать) 4. Қалқиып екі құлағы Елеңдеп қорқып тұрады (қоян - заяц) Алтыншы кезең: Топ басшылар сайысы 1 - топ Метаграммалар 1. Ж - дан басталса жыл мезгілі Қ - дан басталса ол құс белгілі (жаз - қаз) 2. Егер т - дан бастасаң – Биіктердің биігі. Егер д - бастасаң. Қиындардың қиыны. Екеуің де алып тастасаң. Балықшының бұйымы. /тау, дау, ау/ 2 - топ: 1.. Г - ден баста, мен кілең. Ажарымын өмірдің. К - ден баста, мен енді Қалдығымен көмірдің. /гүл, күл/ 2. К - ден егер бастасаң – Шомыласың суына Ш - дан егер бастасаң – Жазда аунайсың құмына. /көл, шөл/ 3 - топ: 1. Егер б - дан бастасаң, Түтіндей боп көшемін. Егер н - дан бастасаң, Жап - жасыл боп өсемін. Жеке өзімді тастасаң – Ішкен жанға кеселмін. /бу. ну, у/ 2. Қ - дан бастасаң Маған қарап сабақ айтады. П - дан бастасам Маған балалар жүгін артады (карта - парта) - Міне балалар сайысымыз өз мәресіне жетті. Енді сөзді әділ қазылар алқасына береміз. сайыс болған жерде жеңімпаз болу керек. Ендеше жеңімпаз қай топ екенін білейік 1- жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің жауаптары кәміл мықты. Білім мен тапқырлықтың жарысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. | |
Просмотров: 1149 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |