Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
ХХІ ғасыр көшбасшысы
24.09.2015, 09:23 | |
ХХІ ғасыр көшбасшысы /зияткерлік сайысы/ Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға, Жан сәулесін тарататын баршаға. Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп, Сайыскерлерді шақырайық ортаға. Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! 2 «Ә» сынып оқушылары арасындағы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер! Олай болса, бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысына қатысатын оқушылар: 1. Аронрашид Жансая 2. Агинов Нұрсұлтан Ойынның мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі: 1 - кезең Бәйге 2 - кезең Полиглот 3 - кезең Ғажайып жетілік 4 - кезең Жорға 1 - кезең БӘЙГЕ 1-кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып белгіні көтерген оқушы жауап береді. Егер де жауап бере алмаса келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 баллдан есептеледі. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады. /14 сұрақ қойылады, сұрақ 3 жауаптан тұрады, әр сұраққа 10 балл беріледі/ 1 - кезеңнің соңында ең аз ұпай жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылады 1. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? /2сағ/ 2. Сантиметрмен өрнекте: 6дм 8см = cм /68см/ 3. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? /алмұрт/ 4. Бір апта 2 күнде неше күн бар? /9 күн/ 5. Талаптың пайдасы әңгімесінің авторы кім? /Ыбырай/ 6. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал /тұсбағдар/ 7. «Әнұран» сөзі қандай мағына береді? /салтанатты ән/ 8. б, в, г, ғ, д, ж қандай дыбыстар? /қатаң/ 9. Жуан дауысты дыбыстарды ата. /а, о, ұ, ы/ 10. Ең мықты қандай ағаш? /емен/ 11. Құрбақа қыста не жейді? /ештеңе/ 12. Бүлдіргенді жақсы көретін аң. /аю/ 13. Байды үнемі алдап кететін кейіпкер. /Алдаркөсе/ 14. Қай құстың балапаны анасын танымайды? /көкек/ 2 - кезең Полиглот Екі айнасы бар, Екі найзасы бар, Сыртылдаған тұяғы бар, Бір желпуіш сияғы бар. Қабат - қабат қаттама, Қаттамадан аттама. Ақылын оның ала бер, Айтқан сөзін жатта да. Жүрсе, ізі жоқ, Сойса, қаны жоқ. 3 - кезең Ғажайып жетілік Қазақ тілі – 10. Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата Қазақ тілі – 20. Қ, ғ әріптерінің жазылу емлесі Қазақ тілі – 30. Қазақ тілі оқулығының авторы кім? Әдебиет – 10. Өнер, білім жайлы бір өлеңнен үзінді оқып бер. Әдебиет – 20. - Әже, мына орынға отырыңыз, - деді. Арман болса, қарт адамды көрмегенсіп, терезеге қарап отыра берді. Бұл қай мәтіннен үзінді? Әдебиет – 30. Оттың табы деген не? Математика – 10. Ағаштың ең ұшында Отыр еді 3 балық. Ұшып келді тағы да Бір балық, Барлық балық санын Ойланайық табайық. Математика – 20. Үшбұрыштың периметрінің формуласын айт Математика – 30 Самат 2 балықтан, ал Марат бір балықтан ұстап отырған. Олар барлығы 12 балық ұстаса, әрқайсысы неше балықтан ұстаған? Әр түрлі – 10. Сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар атауы жазылатын құжаттың аты. Әр түрлі – 20. Мектебіміз қай көшенің бойында орналасқан? Әр түрлі – 30. Наурыз сөзі қандай мағына береді? 4 - кезең Жорға «Жапырақ» сөзінен топбасшылары сөз құрауы керек | |
Просмотров: 721 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |