Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
ХІХ ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойын
[ · Скачать удаленно () ] | 24.09.2015, 16:02 |
Тақырыбы: «ХІХ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойын Мақсаты: 1) оқушылардың білімдерін ойындар арқылы тексере отырып, толық жауап алуға, басқалармен санасып, ортақ шешімге келе білуге, өз беттерімен жаңаны қабылдауға үйрету; 2) оқушыларды топпен жұмыс жасауға дағдыландыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін, әсемдік талғампаздылығын, өз ойын анық жеткізу, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту; 3) оқушыларды әдептілікке, бірлікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Түрі: ойын Әдістері: сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу, топпен жұмыс, талдау, дедуктивті, ізденіс, топтастыру, салыстыру Көрнекілігі: қима қағаздар, плакат, суреттер, үлестірме қағаздар, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, бейнеклип Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, жаңа сабаққа дайындау. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Топқа бөліну. Оқушылар қима қағаздарын таңдап алады. Сол таңдаған қағаздардың т. сіне байланысты топтарға бөлінеді. 1 - топ – жасыл түс, 2 - топ – сары, 3 - топ – қызыл, 4 - топ – көк, 5 - топ – сарғыш, 6 - топ – қызғылт. ІІ. Кіріспе. Әділқазылармен таныстырып, олардың қызметін ашып кету. Топ басшыларын тағайындау. Топ басшыларына ленталар тағылады. Жарыс кезеңдерімен таныстыру: 1. Топтарға ат қою. (25 балл) 2. Математикалық – логикалық 3. Тілдер марафоны 4. Ойлан, тап 5. Түрлі - түсті ассоциациялар Топтың атын табу. Әр топқа есептер беріледі. Есептерді орындау арқылы оқушылар өз тобының атын анықтайды. Топ аттары: 1 - топ – ТАПҚЫР 25: 5=4 (Қ) 891 - 890=1 (Т) 654: 327=2 (А) 2*3=6 (Р) 1000 - 995=5 (Ы) 999:(3*111)=3 (П) 2 - топ – БІЛГІР 25: 5=4 (Г) 891 - 890=1 (Б) 654: 327=2 (І) 2*3=6 (Р) 1000 - 995=5 (І) 999:(3*111)=3 (Л 3 - топ – ЖҮЙРІК 25: 5=4 (Р) 891 - 890=1 (Ж) 654: 327=2 (Ү) 2*3=6 (К) 1000 - 995=5 (І) 999:(3*111)=3 (Й) 4 - топ – АЛҒЫР 25: 5=4 (Ы) 891 - 890=1 (А) 654: 327=2 (Л) 1000 - 995=5 (Р) 999:(3*111)=3 (Ғ) 5 - топ – ӨНЕРПАЗ 25: 5=4 (Р) 891 - 890=1 (Ө) 654: 327=2 (Н) 2*3=6 (І) 1000 - 995=5 (Л) 999:(3*111)=3 (Е) 6 - топ – ҚЫРАН 25: 5=4 (А) 891 - 890=1 (Қ) 654: 327=2 (Ы) 1000 - 995=5 (Н) 999:(3*111)=3 (Р) ІІІ. Негізгі бөлім. І кезең: «Математикалық - логикалық» оқушыларға ауызша қойылады. Оқушылар жылдам және дұрыс жауап беру керек. Бір ұпай қосылады. Логикалық сұрақтар: 1. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүр. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала қалды? 2. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? (2 сағат) 3. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? (бірдей) 4. 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі? (4 минут) 5. Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады? (200 кг) 6. Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар? (5 баласы – төрт ұлы, бір қызы) 7. Сағат түнгі 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ, түн болады) 8. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? (бір асықты бала дорбамен бірге алып қалады) 9. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? (8 - ші) Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 857 | Загрузок: 406 | |
Всего комментариев: 0 | |