Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Көктем – ана, қыздар – гүл
24.09.2015, 13:19 | |
Сабақтың тақырыбы: Көктем – ана, қыздар – гүл. Сабақтың мақсаты: Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Аналарына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Мейірімді болуға, ата – ананы құрметтей білуге тәрбиелеу. Өнерлерін ортаға салу. Сабақтың көрнекілігі: «Көктем – ана, қыздар - гүл» қабырға газеті, нақыл сөздер. Сабаққа қажет құрал – жабдықтар: теледидар, ДVД, қайшы, түсті қағаз, қағаздар, фломастер, түсті қарындаштар. Сабақтың барысы: Мұғалім: Құрметті аналар, аяулы қыздар. Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын. Бүгінгі «Көктем – ана, қыздар - гүл» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! 1 - оқушы: Әлпештеген аялаған Ақ сүт берген апатайым. Сәлем жазып бүгін саған Мейрамыңмен құттықтаймын. Хор: «Туған күніңмен». Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз көңілді, қызықты болу мақсатымен өлең, жыр, билердің арасында аналарға, әжелерге, қыздарға арналған шағын сайыстар өткіземіз. Жеңімпаздарды мақтау қағазымен марапаттаймыз. 2 – оқушы: Кім сендерді, балалар, сүйетұғын, Қуанышыңа қуанып, қайғына күйетұғын. Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын. 3 – оқушы: Кім сендерді, балалар, тербететін Еркелетіп, ойнатып, сергітетін. Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң Қамқор анаң көз жасын көлдететін. 1 - сайыс. Ортаға 5 ана шығады көздерін жауып, баласының қолынан табу. Мақтау қағазын, «Ең балажан ана» атағын беру. Ән. «Анашым». 4 - оқушы: Бойға қуат береді Әй, жарайсың дегені. Мен анамнан әр кезде Соны естігім келеді. 5 - оқушы: Сабағымнан қалмаймын Бес аламын бәрінен. Озат оқып әрдайым Қуантамын анамды. 6 - оқушы: Қамқорсың ана өмірде Қуатым сенсің көңілге. Әлпештеп мені өсірдің Ұшармын ертең көгінде. 2 - сайыс. «Суретші ана» көздерін жауып өз баласының суретін салу. Ән. «Бала тілегі». 7 - оқушы: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап Ана дейді жас сәби де жарқылдап Ана деген – бәйтерегі өмірдің Ана деген – алтын қазық, алтын бақ. 8 - оқушы: Ана деген – асыл жандар болаттай Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай. О, адамдар, қадірлей біл ананы Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай. 3 - сайыс. «Әнші ана» бесік жырын айтып жарысу. 9 - оқушы: Менің әжем, бұл әжем Айтқан сөзі дәл әжем. Аман болса көреді Қызығымды әлі әжем. 10 - оқушы: Менің әжем, нар әжем Көп жасаған кәрі әжем. Ауырғанда мен үшін Әр сүйгені дәрі әжем. 11 - оқушы: Менің әжем, жыр әжем Шуағы мол, нұр әжем. Ақ таяққа сүйеніп Аман – есен жүр, әжем! 4 - сайыс. «Ең шебер әже» түсті қағаздан әжелер ою ояды. Би. «Қазақ биі» орындайтын: қыздар тобы. 12 - оқушы: Әже маған үлгі сөзіңіз Өнегесіз өзіңіз Жақсылыққа талпынып Біздің нағыз кезіміз. Жақсы деген немене Жаман деген немене, Осындайда, әжетай Айтыңызшы өнеге. 5 - сайыс. «Ең мейірімді әже» немересіне еркелететін сөздер айту. (балапаным, қошақаным, ботам...... т. с. с.) Ән. «Асыл әже». 13 - оқушы: Бүгін наурыздың сегізі Сұлулықтың негізі Әдемі сөз адамның Анаға айтар лебізі. 14 - оқушы: Ардақты аналар! Шын жүректен, өз қолымызбен жасаған шағын сыйлығымызды қабыл алыңыздар. (сыйлықтарын ұсынады). 15 - оқушы: Достықты біз ойлаймыз Бірге күліп ойнаймыз. Қыздарды да құттықтап Мерекесін тойлаймыз. (ұлдар қыздарға дайындаған сыйлықтарын ұсынады). Ән. «Қыздар - ай». Соңында құттықтау сөздер аналарға беріледі. | |
Просмотров: 658 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |