Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Имандылық – ізгіліктің негізі
24.09.2015, 10:41 | |
Имандылық – ізгіліктің негізі Мақсаты: Жас буынға дін, имандылық, бес парыз туралы мәлімет беру және жақсылыққа, сенім рухында рухани табандылыққа, өмір шындығынан туындайтын үмітке тәрбиелеу Мұсылмандық қағидалар ● Иманның басы – сенім, Иманның тәні – намаз, Иманның жүрегі – құран. ● Иманның көрінісі – ықылас. Иманның сөзі – Аллаға тілек ● Иманның нұры – шындық. Иманның дәмі – тазалық, пәктік ● Иманның жемісі – ораза. Иманның шипасы – ар, ұят Ұлағат сөздер ● 1. Түйе – жүктен, адам – ұяттан шегеді. (Сағди). ● 2. Кімнің ұяты жоқ болса, соның иманы жоқ. (Абай). ● 3. Арсыз – адам қоры. (Жүсіп Баласағұн) ● 4. Ұят кейде заңдар шектелмеген нәрсені шектейді. (Сенека) Хадистерден ● Иманның абзалы – сабыр мен шындық – дүр. ● Әдемі киім кию де имандылық. ● Кімде - кім күнә жасаса, оның иманы ұшады. Тәубә қылса, Алла тағала кешіреді. ● Кімде - кім адамдардан ұялмаса, ол Алла тағаладан да ұялмайды. ● Өтірік айтудан сақтаныңдар, себебі өтірікшілер имансыздар. Бес парыз ● Намаз оқу (бес уақыт намаз) ● Ораза ұстау (30 күн) ● Зекет беру (қайыр садақа) ● Қажыға бару (құдайдың бірлігі мен Мұхамбеттің пайғамбарлық қасиетін мойындау) ● Иман және ихсан (нану, сену) Слайдты жүктеу | |
Просмотров: 837 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |