Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Гүл - ғажайып дүние
24.09.2015, 16:04
"Гүл-ғажайып дүние" атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Табиғат бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Қазақ халқының бар өмірі табиғат пен тікелей байланысты өтіп келеді. Сұлу табиғатты көзбен көріп, жаныңмен сезіп, сол қалпында сүйе білу қандай ләззат!
Мұғалім: Ал табиғаттың бөлінбес бөлшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. Сондықтан «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын», «Көкті жұлма көктей соларсың» деген даналық сөздері осы өсімдікті қадірлеп, қастерлеуден туған.

Мұғалім: «Адам баласы әдемілік пен сұлулық атаулыны әсем жаратылған өсімдікпен өлшейді. Ол - гүл. Гүл - әдемілік өлшемнің шыңы. «Гүл — дүние көркі» десек те қателеспейміз. Гүл (латынша флос)- гүлді өсімдіктердік көбеюінің белгісі. Гүл беру арқылы біз біреуге ақжарқын көңіліміз бен ыстық ықыласымызды, ілтипатымыз бен сыйымызды көрсеткіміз келеді

Мұғалім: Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Сол гүлдерге арнап композиторлар әуезді әндер шығарса, суретшілер небір суреттер салады. Ал, ақын ағаларымыз сұлу гүлдерімізге арнап тамаша өлең жолдарын дүниеге әкелген. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымыз осы гүлдер әлеміне арналады. Олай болса, оқушыларымызды ортаға шақырып, гүл тақырыбына арналған өлеңдерін тамашалайық.

Бағдәулет
Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,
Жан - жануар қуанар тойға еліріп.
Азалы аң көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.

Бағдат.
Шымды жерде көресіз қара топырақ,
Шіріген шоп, тозаңнан болған құрақ.
Егер оған дым тиіп, күн жылынса,
Жан кіріп, шөп шығады гүл жапырақ.
Мұратбек.
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер
Жайнар кезім келді деп.
Қанаттарың желбіреп,
Таңмен бірге оянып
Күн нұрына боянып
Көрік бердің далаға.
Олжас.
Гүлдер, гүлдер не түрлі,
Құлпырды да жетілді.
Барлық дала өртеніп,
Бара жатқан секілді.
Өрт дегенім — гүл екен,
Отқа ұқсап тұр екен.
Лүпіл қағып жүрегім
Үзіп алдым біреуін
Сыйлайын деп анама.

Альбина.
Бәйшешек.
Мен боламын қырларында текеметтің.
Көктемге алғаш көрік әперетін.
Бәйшешекпін, көктесем қар астында,
Қыс ызғарын, қаймықпай көтеретін.
Ыдырады мұз бен қар,
Мен шыққан соң сыналып.
Ала бұлттан жұлдыздар,
Қарағандай сығалап.
Аз өмірдің өзінде,
От жалын боп лауладым.
Соғылған дер кезінде,
Күміс қоңырауларым.
Елемедім ызғарды,
Күнге күліп қарадым.
Қызықтырып қыздарды,
Гүлге негіз қаладым.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: дүние, Ғажайып, гүл
Просмотров: 1464 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar