Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Әдептілік – тәрбие бастауы
24.09.2015, 12:30 | |
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Абай атындағы орта мектебі" ММ География пәнінің мұғалімі Спанова Маржан Әдептілік – тәрбие бастауы Мақсаты: әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, әдептілік, инабаттылық жайында оқушылардың ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, ізгілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: сыныпты безендіру, әдептілік туралы жазылған қанатты сөздер, интербелсенді тақта. 1. Ата - баба дәстүрі - әдептілік негізі; 2. Әдепті елдің баласы - алыстан сәлем береді; 3. Әдепсіз өскен баладан, Тәртіппен өскен тал жақсы. 4. Тәрбиесіз бала білім ұғар ма, Олай болса уысыңнан шығарма Қатты тәртіп көрсе бала түбінде, Өнерімен қуантады түбінде. 5. Әдептілік ар - ұят Тұрпайы мінез, тағы жат. 6. Татулық табылмас байлық. 7. Әдепті бала - арлы бала Әдепсіз бала - сорлы бала. 8. Жаманға айтқан ақылың Далаға атқан оқпен тең. Әнұран айту. 1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар! Бүгінгі біздің "Әдептілік - тәрбие бастауы" атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер! 2 - жүргізуші: Балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз тақырыбынан көріп отырғанымыздай әдептілік, мәдениеттілік, ізгілік жайында болмақ. Әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. Олай дейтініміз: адамның жасаған әрбір іс - қимылы, жүріс - тұрысы, сөйлеу мәнері, өзін - өзі ұстай білуі, мәдениеттілігі жайлы сыр сыр шертіп тұрады. 1 - жүргізуші: Достарым, адам бойында жақсы - жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Біздің ата - анамыз ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз осыны түсініп, ата - баба салт - дәстүрін үйренеміз. 2 - жүргізуші: Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуымыз керек. 1 - жүргізуші: Атам менің әманда "Әдепті жан бол" деген Ата сөзі санамда Жасы үлкенге жол берем Алдын орап кісінің Кесіп өтпей көлденең Ізетімен кішінің Сәлемдесіп қол берем. 2 - жүргізуші: Балалар, сендер сәлемдесу түрлерін білесіңдер ме? Ақжол: Қазақ тәрбиені амандасудан, есен - сау сұраудан бастаған. Кейбір егде адамдар "Ассалаумағалейкум" дегеннен - ақ кім екеніңді білдім деп жатады. Бекзат: Біріншіден, сәлем берген кісінің даусының шығуын, сәлем беру ырғағын байқайды. Екіншіден, сәлем бергенде өзіңді қалай ұстайсың, Қалай тұрасың? Үлкендер осының бәріне де назар аударады, сынайды. Данияр: Үлкеннің алдындағы сәлемің, басшымен амандасу, қол қысысың да бірталай нәрсені аңғартады: егде кісінің не жас баланың қолын қаттырақ қысып жіберсең, дөрекілігің бірден көрінеді. Майра: Сіз амандасып болғанша, сәлем алушы үсті басыңызға қарап та үлгереді, киіміңіздің өзіңіздің жас мөлшеріңізге жарасымды, жарасымсыз екенінде байқайды. Олардың барлығында ой елегінен өткізіп, сен туралы ой түйеді. Қарақат: Жалпы сәлемдесу мәдениеттің сырт көрінісі болып көрінгенімен, адамның ішкі мәдениетін де біраз өзгертіп тастайды. "Сәлеміңнен жаңылма", " Сәлемің дұрыс болсын" деген талаптың өзі - ақ сәлемдесу мәдениеттің адамгершіліктің белгісі екендігін анықтап тұрғандай. 2 - жүргізуші: Қазақта әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді, деген аталы сөз бар, өйткені сәлемдесу - кісіліктің белгісі. Сәлемдесу, амандасу адамның бір - бірінен ізет, сый - құрметін көрсетеді. 1 - жүргізуші: Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі - сәлемдесу. 2 - жүргізуші: Әдеп, адамшылық амандасудан басталады. Ақ сақалды атаны, ақ жаулықты әжені құрметтеу, жалпы өзіңнен үлкенге сәлем беру, алдынан кесіп өтпеу жас ұрпақтың қастерлі парызы екенін есте сақтауымыз керек. Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 882 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |