Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Әдептілік – тәрбие бастауы
24.09.2015, 11:12 | |
Тақырыбы: Әдептілік – тәрбие бастауы Мақсаты: Тәрбиеленушілерді адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, кішіпейілділікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу; Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдептілік әліппесі бойына дарыту; Тіл байлығын дамыту, таным белсенділігін арттыру. Көрнекіліктер: мақал - мәтелдер, слайд - презентациялар, тапсырмалары жазылған кеспе қағаздар. Сабақтың түрі: сұрақ - жауап, талдау, пікір алмасу Сабақтың барысы: Тренинг «Тілек шоғы» Қыздар қолдарындағы гүл шоқтарын бір - біріне тілек айту арқылы ұсынады. «Өзгелерге денсаулық тілеп жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады» деген қорытынды жасаймын. Біреуге жақсылық тілеудің өзі де әдептілікке жатады. Кіріспе: Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі. Мысалы: уәде беріп оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «Әдепсіз екен» дейді. Одан басқа адамдар қарым - қатынас жасаудан қашады. Оны сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады. Қазір сендер мектеп қабырғасында білім алып жатырсыңдар. Уақыт тез өтеді, ертең - ақ әрқайсысың үлкен азаматша боласыңдар. Бірің дәрігер, бизнесмен, мұғалім, әнші, биші, енді бірің - елші боларсыңдар. Алайда, сендер ең әуелі нағыз азамат, жақсы адам болып өсулерің қажет. Бойларыңа мейірімділік, батылдық, қарапайымдылық, кішіпейілділік, сыпайлық сияқты асыл қасиеттерді сіңірулерің қажет. Кей кезде қарым - қатынас мәдениеті, мінез - құлық әдебі жетіспей жатады. Ал ол үшін оған осы бастан үйренуіміз, өзімізге сын көзбен қарауымыз керек. Негізгі бөлім: Сонымен біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз «Әдептілік – тәрбие бастауы» деп аталады. Енді ойланайық, пікірлесейік. - Әдепті бала қандай болады? - Өз іс - әрекетіңнен ұялған кезің болды ма? - Әдепті адамның бойында қандай қасиеттер болуы қажет? - Біреуді мазалаған кезде немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайда не істер едің? Ребус шешу: Әр суреттің атауларының бастапқы әріптерін қосып оқитын болсақ, қандай сөз шығады? Әдептілік - әдемілік туралы оқиық! Мария: Ата - ананың тілегі - Адам болып өскенің. Адамдықтың тірегі - Адам болып өскенің. Тамара: Әдептілік дегенің - Әрқашан де керегің. Әсемпаздық дегенің - Әуре - сарсаң әлегің. Анна: Атам менің әманда «Ынтымақшы бол» дейтін. «Бірлік болса» адамда «Шын бақыт қой» ол дейтін. Камила: Сәлем сөздің анасы. Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 878 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |