Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Әдептілік - әдемілік
24.09.2015, 15:28 | |
Әдептілік - әдемілік Мақсаты: Оқушыларды әдеп пен сыпайылық арқылы жаман әдеттерден аулақ болуға, сиқырлы сөздерді қолдану арқылы әдептілікке тәрбиелеу. Әдептіліктің өзі әдемілік екендігін түсіндіру. Адам бойындағы ұнамды - ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін және ұлттық құндылықтарды бойларына дарыту, таным белсенділігін арттыру. Мұғалім: Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз "Әдептілік - әдемілік"деп аталады. Ол Сара Алпысқызы Назарбаеваның "Өзіңді тану" бағдарламасы негізінде өтеді. "Сен қандай баласың?" суреті ілінеді. - Жақсы болу - өзіңненн Жаман болу - өзіңнен. Өзіңді өзің ая да Өзіңнен үйрен өзіңнен. - Жақсылық көрсең біреуден, "Мен қандаймын?" - деп ойла Жамандық көрсең біреуден, "Мен қандаймын?"- деп тағы ойла. - Өзіңді - өзің қолға ал Өзіңсің ақыл - айнасы. Тиеді саған мәні бар "Өзіңді тану" пайдасы. - Тәуір киім, тәуір ас Бере ме тәуір тәрбие. Тәрбиелі ұл - қыздың Ата - анасы әулие. - Өзіңді - өзің таны да Тағы да ойлан, тағы да. Қандай боп өсіп келесің Қазақтай елдің бағына? М: - Балалар, алдымен "әдепті"сөзіне жауап іздеп көрейік. Әдепті бала қандай бала деп ойлайсыңдар? О: - Әдепті бала ата - анасына сүйікті болады. - Әдепті бала үлкендерді сыйлайды. - Әдепті бала кішілерге, қарттарға, мүгедектерге көмектеседі. - Мектепте алыспау, жүгірмеу де әдептілік. - Жаман сөз айтпау, жаман әдеттен қашық болу - әдеп. - Сәлемдесіп жүру, жақсы сөздер айту да - әдептілік. М:- Олай болса, сол сәлемдесу туралы сөз қозғайық. Әдепті баланың тәрбиесі - сәлемінен - ақ көрініп тұрады. Халқымыз ежелден - ақ сәлемдесуге ерекше мән берген. Әңгімені амандасудан, есен - саулық сұрасудан бастаған. Сәлемі түзу балаға үлкендер риза болып, батасын береді. Ал үлкеннен бата алған бала әдепті болады. Сәлем - сөздің анасы. М: - Қалай амандасу керек? О:- Ассалаумағалейкүм - Уағалайкүмассалам (Екі оқушы бірі - ата, бірі бала болып көрсетеді.) "Көрші атам"М. Жаманбалиновтың өлеңі тыңдалады. М:- Балалар,"Ассалаумағалейкүм","Уағалайкүмассалам" сөздерінің мағынасын қалай түсінесіңдер? О:- Ассалаумағалейкүм - "Алланың нұры жаусын" Уағалайкүмассалам - "Өзіңізге де соны тілеймін"дегенді білдіреді. М:- Тағы қалай амандасуға болады? О:- Халқымыз қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген. Ата - анам мені кішкентайымнан "Ағаңа қолыңды беріп амандас","Көкеңнің қолын ал" деп үйретті. Солай істеп жүрмін. О:- Наурыз мерекесі кезінде төс қағыстырып амандасады.(екі оқушы көрсетеді). О:- Әже, апалармен "Саламатсыз ба?","Сәлем бердік","Есенсіз бе?"деп амандасамыз. М:- Сәлемге байланысты тағы қандай сөздер білесіңдер? О:- Қазақ салтында тәуліктің мезгіліне қарай "Қайырлы таң","Қайырлы күн","Кеш жарық" деп те амандасады. М:- Ал, балалар, кім бірінші болып амандасуы керек? О:- Кіші адам үлкен адаммен, ер бала қыздармен бірінші болып амандасады. М:- Үйге немесе класқа кірген адам отырғандармен бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқанда қалғандармен де бірінші болып қоштасады. М:- Қандай жағдайда тұрып амандасады? О:- Әдептіліктің бір белгісі - орныңнан тұрып амандасу. Біз апайларымызбен, ата - аналарымызбен класқа келсе, тұрып амандасамыз. Қоштасқанда да тұрып қоштасамыз. М:- Амандасу кезіндегі сақталуға тиісті ережелерді білесіңдер ме? О:- Сәлемдескенде дауысты көтермей, жылы шыраймен, достық пейіл таныту - сәлемдесудің басты шарты. Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 624 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |