Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені
24.09.2015, 10:51 | |
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әлиева Гүлсім Кеңесқызы Тақырыбы: Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені Мақсаты: а) оқушыларды жақсылыққа, жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға үйрету. ә) шыншылдыққа, инабаттылыққа, мейірімді болуға баулу. б) адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Барысы: Жоспар: 1. Таныстыру, ұраны 2. Мақал-мәтел сайысы 3. Ән айту 4. Көрініс көрсету 5. Би билеу 6. Білгенге маржан тыйым сөздер Кіріспе Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі болатын «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» атты тақырыптағы сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сайысымыз жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды. Өмірде бұл құбылыстар қатар орын алған. Мектеп жастан жақсы әдеттерге тәрбиеленіп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстаған жөн екендігін дәлелдей түседі. Енді сайысымызды бастаймыз. І. Таныстыру. Екі топ өздерінің тобымен, ұранымен таныстырады. «Әдептілік тобы» «Мейірімділік» тобы ІІ бөлім. Мақал-мәтел сайысы. Жақсы сөз - жүйесін табар, Жүйесіз сөз - иесін табар дегендей оқушылар өздері білетін мақал-мәтелдерін айтып шығады. ІІІ-бөлім. Ән айту «Әдептілік» тобы «Қызыл гүлім» әні орындайтын Абылай А «Мейірімділік» тобы «Анашым» әні Сәдір А ІҮ-бөлім. Көрініс көрсету. Қоғамдық орындағы көрсетілген әдептілік туралы Ү. «Қара жорға» биі екі топтың биі тамашаланады. ҮІ. «Білгенге маржан» тыйым сөздер сайысы Оқушылардың өнерлері бағаланып, әділ қазылар алқалары қортынды сөздерін айтып, мақтау қағазын тапсырды. Қорытынды: Халқымыз жақсы мінез-құлқымен, өнегелі ісімен көзге түскен жастарды әдепті бала екен дейді. Әдептілік әдемілік дейді халық. Әдепті болу үшін әдемілікті, жақсылықты сезініп, оны бағалап, әсерленіп, сол жақсылыққа ұмтыла білу қажет. | |
Просмотров: 1160 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |