Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Денсаулық зор байлық
24.09.2015, 11:26 | |
Денсаулық - зор байлық. С мақсаты: 1. Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. 2. Оқушылардың танымдылық қабілеттерін дамыту сөйлеу шеберлігін жетілдіру. 3. Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. С. көрнекілігі: слайдтар, мақал - мәтелдер. С. әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап мәнерлеп оқу. С. барысы: Кіріспе. Адамның басты байлығы - денсаулық. Денсаулық дегеніміз, адам ағзасының қалыпты дұрыс жұмыс істеуі. Денсаулық - адамға табиғат берген басты құндылық. Деніміз сау болу үшін, шынығу, тазалық, таза ауа, су, уақтылы тамақтану зиянды әдеттен аулақ болу. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты. Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздін өмірімізді жарық қылатын жан - жағымызда тамаша сәулесін шашатын өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар? Бәрі: Денсаулық. 1 - бөлім. Денсаулық - басты байлық. 1 оқушы. Денсаулық ол – шыныққан Барлық денең мүшесі. Денсаулық ол - тыныққан Жүйке тамыр жүйесі. 2 оқушы. Денсаулық ол - күлуің, Көңіл - күйің жадырай. Денсаулық ол - жүруің, Ешбір жерің ауырмай. 3 оқушы. Денсаулық – зор байлығың, Сақта оны жасыңнан. Зиянды әдет еліктірсе, Айналып өт қасынан. 4 оқушы. Басты байлық - денсаулық, Бабаң айтқан даналық. Сақта жолын сен тауып, Осы шақтан балалық. 5 оқушы. Қара айнаға, көресің, Өзіңді адам денесін. Қол - аяғың басың бар, Бұған кеуде қосылар, Құрылысың бұл сыртқы. Көрінбейді жүрегің, Өкпе, миық, бүйрегің, Құрылысың бұл ішкі. 6 оқушы. Сымбат – мүсін дегенің, Бітім – көркі денеңнің. Сымбат – жүру әдемі, Дене қалпын тік ұстап, Көтеріп сәл кеудені. Иық жазып дұрыстап, Түзу отыр, қисаймай. Бүкіреймей, жантаймай, Күш сап бас пен арқаға, Жатып алма партаға. 7 оқушы. Уа халқым, назар аудар денсаулыққа, Өмірде бақыттысың денің сауда. «Денсаулық - терең бақыт» деген сөзді. Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да. 8 оқушы. Денің сауда күштісің бұл әлемде, Денің сауда сұлусың жер бетінде. Сол мықты денсаулықтың арқасында, Жеңерсің ауыр заман тәлкегінде. 9 оқушы. Денің сауда жетерсің арманыңа, Денің сауда көрерсің бұл дүниенің, Бар қызық, рахатын жарығында. 10 оқушы. Денсаулық - шексіз бақыт халқым менің, Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа. Қолда барда біл оның қасиетін, Күтіп баптап, аяла әр уақытта. Ән: Жас дәуірдің түлегіміз. 2 - бөлім: Тазалық – денсаулық кепілі. Жеке бас гигиенасы - бұл адамның жеке мүшелерін күтуде тазалық ережелерді орындау арқылы өз денесінің тазалығын сақтай білуі. 11 оқушы. Дос бол сабын сумен сен, Жиі - жиі жуын сен. Жуын күндіз - түсте де. Жуын тамақ алдында, Жуын тамақ соңында. Жуын ұйықтар кезінде, Жуын тұрған мезгілде. 12 оқушы. Асты қалай шайнарсың, Тазалап жүр тісіңді. Тісті күнде екі рет, Кішкене де ыңғайлы, Тазартуды ойларсың. Тіс щеткасын пайдалан, Әдет қыл бұл ісіңді. Тазалауға болмайды, Щеткасымен басқа адамның. 13 оқушы. Аяқ – қол көмекші, Күт оны ерекше. Қол жиі ластанар, Сондықтан істің әр, Соңында қолды жуу. Жояды кірді су. Аяқ – қолды кірлетпей, Тырнағыңды алып жүр. 14 оқушы. Көзің – екі жанарың, Көзді сақта қоқыстан. Көз көреді, барлайды. Жарыққа тік қарама, Ондағы кірпік қабағың, Шаң мен желден қорғайды. Ән: Бала тілегі. 3 - бөлім. Шынықсаң - шымыр боларсың. 15 оқушы. Бір – таңертең тұр, Екі - шынығып бекі. Үш – тазала тіс, Төрт – сабындап жуу бетті. Бес – сүртін тез. 16 оқушы. Спорт деген азанда, Алады да тұрғызып. Еріншектік аз онда, Бастайды ойын бір қызық. 17 оқушы. Ары – бері жүгіртіп, Деміңді әсем алғызар. Тау суынан семіртіп, Мейіріміңді қанғызар. 18 оқушы. Шынықсаң шымыр боларсың, Сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боласың. Жеңімпаз болу оңайма, Арман болған талайға, Болмасаң да ұқсап бақ, Жарысқа түсіп қалайда. 19 оқушы. Спорттың жоқ сол мәні, Аязда да тоңбайсың. Ыстыққа да күймейсің, Сергектікті қолдайсың. 20 оқушы. Шынықсаң – шымыр боласың, Шымыр болу оңай ма, Арман болған талайға. Ұқсайықшы қалайда. 21 оқушы. Ол үшін көп қозғалыс, Таза ауада көбірек. Спортты да қолға алып, Тамақтанғын төрт рет. Ән: Спорт – біздің досымыз. 4 - бөлім. «Ас - адамның арқауы» Тиімді тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен бірге жеміс жидектерді көбірек жеген жөн. Жеміс – жидектердің құрамында, адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Және тағы шамадан тыс көп тамақтануда зиян. Сұрақтар: 1. Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек? 2. Тамақтану алдында не істеу керек? 22 оқушы. Ас адамның арқауы, Тамақты ішкін күнде сен. Деген сөз бар ежелден, Белгілі бір мезгілде, Бойға сіңіп тарқауы. 23 оқушы. Тойып ішсең қаншама, Ауырасың соншама. Асқазанды бүлдірсең, Жазылмас қанша күн жүресің. 24 оқушы. Дәрумендер тірегің, А, В, С, Д, Е – деп аласың. Жетіспесе бірі оның, Ауырып сен қаласың. А – қажет көзіңе, В - жүйкені тоғайтар, С – дан микроб безінер. Д – сүйекті нығайтар. Дәрумендер айтысы. А дәрумені: Менің бойымда сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмыртқа, сары майда болады. В дәрумені. Мен бірнеше топқа бөлінемін. В1 В 2 В6 В12. Менің құрамымда бауыр, жұмыртқа, сүт, ірімшік, қара нан, ет, балық, көкөністер кездеседі. С дәрумені: Менің құрамымда қызанақ, пияз, картоп, капуста жеміс - жидектер толы. Д дәрумені: Өте пайдалымын. Менің құрамымда сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы жұмыртқа толы. Е дәрумені: Мен күнделікті пайдаланатын тағамдардың ішіндегі өсімдік майында көп болады. Дәрігер: Дәрумендер сендер таласпаңдар. Сендер бәрің де қажетсіңдер. Дәрумендердің арқасында денсаулығымыз мықты болады. 25 оқушы. Сонымен бірге денсаулықтың бір дауасы таза ауа. Денсаулықтың дауасы. Даланың ауасы, Көк өзен, күмбез тау. Ну орман ағашы. 26 оқушы. Су табиғат байлығы, Өзен – көлге барғайсың. Кемі екі рет әр күні Суға түсіп алғайсың Көрініс: Тісім ауырып барады. 5 - бөлім. Жат қылықтан жирен. Мұғалім: Жаман әдеттен аулақ бол. Өз тәніңе жаныңа зорлық жасама. Темекі шеккен адамға қызыға қарама, жерге тасталған темекінің қалдығын аузыңа салма. Қазақстан Республикасының Ата заңымыздың 31 – бабында адамның өміріне және денсаулығына қолайлы жағдай жасалған. 27 оқушы. Күрк – күрк көк жөтел, Күркілдеген не жөтел? Жасыңнан шексең темекі, Түбіңе сенің сол жетер. 28 оқушы. Темекі тартқан бір кісі, Уланған бүкіл үй іші. Арақ ішті дегенше, Азғын жолға түсті де. 29 оқушы. Зиянды әдет опа бермес, Бағаламас еш пенде. Жаны уланған пенделердің. Қажеті жоқ ешкімге. Көрініс: «Темекінің пайдасы» Ата. Жағымсыз иістен аулақ бол, Жақсы іске жақын бол. Темекімен жау болып, Адамдыққа асық бол. 5 – бөлім. Мақал сөздің мақамы. 1. Дені саудың жаны сау. 2. Тазалық – саулық негізі, Саулық байлық негізі. 3. Денің сау болса, жарлымын деме. 4. Жолдасың көп болса, Жалғызбын деме. 5. Жарлының байлығы, Денінің саулығы. 6. Ауру батпандап кіріп, Мысқылдап шығады. 7. Іздеп алған аурудың емі жоқ. 8. Көзің ауырса қолыңды тый, Ішің ауырса аузыңды тый. 9. Жан ауырса – тән азады, Қайғы болса – жан азады. 10. Аурудың жақсысы жоқ. Дәрінің тәттісі жоқ. 11. Қай жерің ауырса, Жаның сол жерде. 12. жалқаулық – жаман ауру. 13. Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде. 14. Әуелгі байлық – денсаулық. Екінші байлық – он саулық. Үшінші байлық – ақ жаулық. 15. Болар бала кісілікке үйір. Тозар бала ішімдікке үйір. 16. Темекі тартып ерікпе, Өкпені алар демікпе. 17. Түтіні тісіңді сарғайтады, Уы ерте қартайтады. 18. Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен. Би: Қаражорға. Мұғалім: Деніміз сау болу үшін (слайд). 1. Үнемі денені таза ұстау. 2. Сергек жүру. 3. Артық тамақ ішпеу. 4. Орта тазалығын сақтау. 5. Ерте тұру. 6. Спортпен шұғылдану. 7. Салауатты өмір салтын сақтау. 8. Зиянды нәрселерден аулақ болу. Мұғалім: Денсаулық сөзінің әрбір әрпін салауатты өмір салтын ашатын сипаттайтын сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдермен өрнектеуі. Д - дем алу. Е – еңбектену. Н - нашақорлыққа жоламау. С - салауатты болу. А - алғырлық. У - уайымсыз өмір. Л - лайықты өмір. Ы - ынта жігер. Қ - қозғалыс болу керек екен. Кім көп біледі. Өз денсаулығымызды қалай сақтаймыз. 1. Ерте тұру. 2. Жаттығу жасау. 3. Дұрыс тамақтану. 4. Тазалықты сақтау. 5. Дұрыс ұйықтау. 6. Өзіңді сергек ұстау. 7. Зиянды нәрселерден аулақ болу. 8. Спортпен шұғылдану. 9. Күніне екі рет, ұйықтарда таңертең тісті тазалап жүру. 10. Ұйықтар алдында, аяқ – қолды жуу қажет. 11. Артық тамақ ішпеу. 12. Күн тәртібін дұрыс ұстау. Міне осылардың бәрін біз бойымызға сіңіре білсек деніміз сау болады. 31 оқушы. Ей болашақ ұланым! Болашағы қазағымның Сендерсің деп білемін. Балғын жас болашақ, Мен сендерге сенемін. 32 оқушы. Салауатты өмір салтын қолдайық, Әдеттен жаман, аманда аулақ болайық. Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар. Су ішпеген гүлдей болып солмайық. 33 оқушы. Салауатты өмір салтын сақтаңыздар. Егеменді ел сенімін ақтаңыздар. Денсаулық - зор байлығы адамның. Ізгі жандар, текті ұрпақты баптаңыздар. Мұғалім: Елбасы жолдауында атап өткендей «Адам елдің басты байлығы» осы адамдардың денсаулығының жақсы жаман болуына өздерінің іс - әрекеттерінің әсері мол. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сондықтан да әр жас ұрпақ өз денсаулығын ойлауы керек. Енді сыныбымыздың өнерпаздарының өнерін тамашалайық. Үнді биі. Осымен бүгінгі денсаулық - зор байлық атты тәрбие сағаты аяқталды. | |
Просмотров: 1553 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |