Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Денсаулығы – ғаламның, денсаулығы - адамның
24.09.2015, 10:42
«Денсаулығы – ғаламның, денсаулығы - адамның» атты жарыс кеші.
Мақсаты: Оқушыларды ептілікке, жылдамдыққа, топ болып жұмыс жасауға үйрету, тапсырманы толық түсініп, белсене қатысып, дене сымбаты әдемі, жинақы, шымыр азамат етіп шығару.
Қолданылатын материалдар: Шелек, иінағаш, коньки, хоккей таяқшалары, ысқырық, шана, т. б ойынға керек материалдар.
Өтілетін орны: мұз айдыны.

1. Оқушыларды, көрермендерді, төрешілерді жинақтап, орындарына жіберу.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер!
Сіздер бүгін біздің оқушыларымыздың ептілігін, шымырлығын, өзіне тапсырылған тапсырманы тиянақты орындап, өз командасымен ұйымшылдықта жұмыс жасап, жеңіске жетуге талпынады деп сеніп, 2 команда дайындап, алдарыңызға келіп отырмыз. Оқушыларға арнайы тапсырмалар берілген, дайын, барлығымыз жинақталып болсақ жарысымызды бастайық.

Сіздерді жарыс төрешілерімен таныстырып өтейін.
Бас төреші: Басығараев Жарас.
Төрешінің көмекшісі: Ералиев Кенжебек.
2 тобымыз да дайын.
Жарыстың түрлері мынандай:
1. Аяққа коньки байлап, шелек толы сумен сырғанап жарысу.
2. Конькишілер жарысы.
3. Жаяу жарыс.
4. Шанашылар жарысы.
5. Хоккей.
Қатысатын оқушылар жеребе арқылы 2 топқа бөлінді.
1 топ.
……………
2 топ.
……………
Ойын ережелері түсінікті болса, қауіпсіздік жағдайдың барлығы ескертілді.
Жарысымызды бастайық.
Командалар бір - біріне сәттілік тіледі.
1- топ, «Сұңқар» тобы.
2- топ, «Алаш» тобы.
1. Берілетін тапсырма, аяққа коньки байлап, шелек толы су алып жарысу.
Манарбек, Асхат.
Қазыбек, Дәуренбек жарысады.
2. Ендігі тапсырма барлық топ мүшелері, конькимен жарыс жолына шығады.
Эстафета.
3. Жаяулар жарысы.
4. Шанашылар жарысы.
1 топ.
Айдос - Манарбекті.
Есболат - Алтынбекті.
Тұрар - Асхатты.
Ақтілек – Аманжолды шанамен барынша жылдамдықта сүйрейді.
2 топта дәл солай жасайды
барынша жылдамдықта, межелі жерге дейін апарып, белгіні айналып келу керек шанамен.
5. Екі топтан арнайы конькилері бар оқушылар арнайы уақытты есепке ала отырып, ережелерін сақтай отырып, хоккей ойнады.

Жарыс соңында «Алаш» тобы көп ұпаймен жеңіске жетті.

Қатысқан оқушылар арнайы мадақтамалармен марапатталды.
Төрешілер өз қызметтерін көрсетті.
Соңында мұғалім қорытынды сөз сөйледі.
Бүгінгі топ аралық жарысқа қатысқан оқушылар, төрешілер,
көреремендер! Сіздер тартысты да, тартымды жарыстың, епті, жылдам, ширақ балалардың жарысына куә болдыңыздар. Балалар барлығына да үлкен құлшыныспен кірісті. Дайындалды, сұрады, ережелермен танысты, осының барлығы біздің жарыс өткізуімізге деген құлшынысымызды арттырды. Қолдадық, сендік, ойымызды айттық. Епті, шымыр, қайратты екендіктеріне көзіміз жетті. Арамызда жақсы спортшылар бар екен, егеменді еліміз осындай жас жеткіншектермен көгеріп, атын әлемге таныта беруге тілектеспін. Келіп, қатысып бізге көмекші болған төрешілер сіздерге де рахмет. Бүгінгі күн осындай жақсы бір тартымды ойынмен аяқталды деп есептеңіздер.
Барлықтарыңызға рахмет.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ғаламның, Адамның, денсаулығы
Просмотров: 729 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar