Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Дені саудың – тәні сау
24.09.2015, 15:34 | |
Дені саудың – тәні сау Мұғалім: Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау, адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз дені саудың - жаны сау деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі. Балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауаты өмір салтын сақтау. Біздің өмірімізді жарық қылатын, жан жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар? Оқушылар: Денсаулық Мұғалім: Бүгін біз сендермен ұшқыш кілемге отырып, бірнеше патшалықтарға саяхат жасаймыз. Саяхатқа шықпас бұрын, бүгін біздің сабағымызға қонақ келіп отыр. Сол қонағымызды қарсы алайық. Жер ана: - Сәлеметсіңдер ме балалар Оқушылар: - Сәлеметсіз бе, Жер ана Жер ана: - Күніміз ашық болсын Суымыз тұнық болсын Гүліміз жақсы өссін - Балалар, сендер саяхатқа шыққалы жатыр деп жақсы хабар естідім Сәт сапар тілеймін. Мұғалім: Ал балалар кәне бәріміз ұшқыш кілемге отырып, бірінші патшалыққа барайық. Ол бізде - “Тазалық патшалығы” - Өмірде, тұрмыста тазалықты сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай. Әр түрлі жұқпалы аурулар адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтар кір - қоқысты жерлерде өсіп - өніп, шаң - тозаңмен бірге көтерілетіні баршамызға белгілі. Сондықтан тазалық талапқа сай болуға тырысуы керек. - Шығып тазалық жайлы тақпақтарымызды айтайық. Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 807 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |