Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
" Дарабоз"="" спорттық="" интеллектуалды="" сайыс"="
24.09.2015, 09:44 | |
«Дарабоз» спорттық интелектуалдық турнир (сыныптан тыс жұмыстар) Мақсаты: Оқушылардың спорт туралы білімін теория жүзінде байқау. Ойлау қабілеттерін жетілдіру. Салауатты өмір салтын насихаттау. Көрнекіліктер: интерактивті тақта Турнирдің шарты: I тур: Сөре. Викториналық сұрақтар. II тур: Мәре. Пирамидалардағы сұрақтарды таңдау. III тур: Чемпион. 30 секунд ішінде сұрақтарға жауап беру. Ескерту: I ші және III ші турда әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Қатысытындар: 6 - 7 сынып 6 оқушы қатысу керек. Ойын соңында дарабоз анықталады. I тур. Сөре: Олимпиада ойындарының авторы кім? / П. Кубертен Әйгілі футболшы Пеленің шын есімі кім? ( Энду Арантис Ду Насименти) 2011 жылы Қазақстанда өткен 7 - қысқы Азия ойындарының тұмар белгісінде қандай жануар белгіленген? ( алан - Ирби) Қазақтан шыққан тұңғыш гимнасшы қыз кім? ( Ә. Юсупова) Бильярд ойнында шарды ұратын таяқ қалай аталады? ( Кии) Ми жұмысына арналған қазақтың ұлттық ойыны қалай аталады? ( тоғызқұмалақ) Әлемдік аренада жүлделі орындардан көрініп жүрген қазақстандық шабандоз кім? ( А. Винокуров) «Биатлон» қандай спорт түрі? ( Шаңғымен сырғанау, мылтықпен нысананы көздеу) Ең алғашқы Олимпиада ойындары қай елде өтті? ( Афины. Грекия) «Футбол» сөзі қандай мағына береді? ( фут аяқ, бол доп) Сопақ доппен ойналатын спорттық ойынды қалай атайды? ( регби) 2000 жылы Австралия. Сидней олимпиадасының Қазақстандық бокс чемпионы кім? ( Б. Саттарханов) Мектептерде Президенттік сынақтарды нешінші сыныптар тапсырады? ( 5 - 9 - 11) Әлемге әйгілі қазақ палуаны? ( Қажымұқан) 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақтың біртуар боксшысы кім? ( С.Қонақбаев) II тур. Мәре: Спорт ойындары. 30 ұпай Футболдан ең алғашқы әлем чемпионаты қай елде өткізілді? ( Уругвай) 20 ұпай Хоккей ойыны қай мемлекетте пайда болды? ( Канада) Футболда «хет трик» термині қандай мағына береді? ( бір ойыншы қатарынан үш гол соқса) 10 ұпай Волейбол сөзі қандай мағына береді? ( волей ұшу, бол доп) Баскетбол ойынының авторы кім? ( Джеймс Нейсмит) Футболда, алаңда қанша ойыншы қалғанда ойын тоқтатылады?( 7 адам) Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 834 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |