Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Даналығын халқымның мақтан етем
24.09.2015, 14:12
Даналығын халқымның мақтан етем.

Мақсаты. Оқушылардың бойында әдептілік, алғырлық қасиеттерін, ұлы ғұламалардың сөздерін жатқа айту қабілеттерін дамыта отырып қалыптастыру, аталы сөзден ғибрат алуға, әдептілікке, сыпайылыққа, тәрбиелеу.
Барысы.
1 - жүргізуші. Достым, бүгінгі кеш сайысы ерекше сияқты, айналаңа қарасаң саған бәрі ақыл айтып тұрғандай, оның үстіне қонаққа келген ұлағатты ұстаздар мен жолдастарымның алдында бір түрлі қиналып тұрмын.
2 - жүргізуші. Несіне қиналып тұрсың. Алдымен амандасайық,«Сөз атасы - сәлем» деген емес пе?!
1 - жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар!
2 - жүргізуші: Бармысыздар оқушылар!
1 - жүргізуші: Бүгінгі өткізілгелі отырған «Даналығын халқымның мақтан етем» атты сайысқа қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Ендеше бүгінгі кешке келгендеріңізге тіптен де ренжімейсіздер, себебі бүгін көптеген аталы сөздермен, ақылдың кені бабалар өсиетімен танысасыздар.
1 - жүргізуші: Олай болса, сайысқа қатысып кешімізге нәр беретін сайыскерлерімізді ортаға шақырайық! (Сайыскерлер, яғни оқушылар - ұлттық киімдерімен ортаға шығады.)
2 - жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Топтар шықсын ортаға.
1 - жүргізуші: Қайсысы күйші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық.
2 - жүргізуші: Оу, достарым, бұл топтардың өнерін бағалайтын әділқазы алқасы болмаушы ма еді?
1 - жүргізуші: Дұрыс айтасың!
Ақты ақ деп, аққа жақ боп баға берер
Алқасы әділқазы – кемеңгерлер.
Беріңіздер әділ бидей әділ баға,
Шындықты ұрпақтарың сонда көрер.(Әділқазы алқасымен таныстыру)

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: етем, Даналығын, Мақтан, халқымның
Просмотров: 1046 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar