Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Дұрыс киіне білесің бе?
24.09.2015, 15:02 | |
6 сынып Тәрбие сағатының тақырыбы: Дұрыс киіне білесің бе? Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларды киіну мәдениетіне үйрету, оқушыларға ұлттық киімдер туралы түсінік беру, олардың түрлерімен таныстыру. Дамытушылық: оқушылардың ұлттық бұйымға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: оқушылардың сабақ барысында халықтың өнерін, салт - дәстүрді бағалай білуге, шеберлікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, көрсету, топпен жұмыс Сабақ көрнекілігі: ұлттық киімдердің суреттері, түрлі - түсті қағаз, стикерлер, бояулар. Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлығын тексеру Техника қауіпсіздік ережесін сақтау II Үй тапсырмасы. «Мен болашақта кім боламын?» тақырыбында шағын ойтолғау жазу. Жұмбақтар. 1. Сұлу - сұлу құнаным, Сылдырлаған жүгенім, Аяз күнде кимеген, Аяғы жерге тимеген. /Сәукеле/. 2. Ерте тұрдым, Екі айыр жолға түстім. /Шалбар/. 3. Адамның сәні, Онсыз жоқ мәні. /Киім/ III Жаңа сабақ. Психологиялық сәт. «Түстер сөйлейді» Ақ түс адамның аңқаулық, пәктік, албырттықтың мінезінен хабар береді. Көбінесе ақты жастар жөн көреді. Ал бұл түсті ересек жастағы жанның таңдағаны оның өзгеге көмектесуге ынтығып тұратынын аңғартады. Оның қолынан көп нәрсе келеді. Алдына мақсат қойғыш жан. Сонымен қатар ақ түсті киім кигенді қалайтын ересек адамдар қарапайым өмірді қалайды әрі жастық шағын жиі аңсайды. Қызыл түс тасыған күшті білдіреді. Көбінесе қызуқанды адам киімді осы түстен таңдайды. Албырт, белсенді, тез шешім шығаратындар бір орында отырғанды қаламайды. Өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар. Оларды бірқалыптылық тез жалықтырады. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді. Сары түсті еркіндікті қалайтындар және арманы биік, қиялға берілгіштер ұнатады. Олар күтпеген оқиғаларды жақсы көреді. Үнемі ізденісте жүреді. Мұндай мінезді адамдардың маңайында көбінесе әзілге жақын адамдар жүреді. Тың идеяларды талқылып, ой таразысына салғанды жаны қалайтын адамдар өзгені тыңдап, өз пікірін де ұмыт қалдырмайды. Бірақ кейде жауапкершіліктен қашады. Бұл өзін еркін сезінгісі келетін әрекеті. Алқызыл, қызғылт түс нәзіктіктің белгісі. Көбінесе бұл түсті балалы болуды қалайтын әйелдер ұнатады. Айналасындағылардан қорғанып, тыныш өмірді қалайтын жандар алқызыл түске құмар. Олардың мінездері жұмсақ келеді. Жасыл түсті үйлесімділікті қалайтындар ұнатады. Бұл түс үмітті білдіреді. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды. Дегенмен көпшілікпен араласқанға құмар. Шыдамды, тым байсалды. Ұжымның арасында өзін көрсеткенді қаламайды. Өйткені өзгелер жомарттығын пайдаланып кетеді деп қорқады. Қызғылт сары, сарғылт түсті көбінесе көпшіл, үнемі көңілді жүруге тырысып, белсенді өмір салтын ұстанатындар ұнатады. Олар жүрген ортада ұйымдастырушылық қабілетін танытады. Кез келген ортада танымал. Дегенмен мінезі байсалды. Құбылмалылық, жігерсіздігі да бар. Бұл мінезін жеңу үшін әрекет те жасайды. Негізі қызғылт сары, сарғылт түс жастардың түсі. Күлгін түсті өзінің талғамы орныққан, ақылды екенін сыртқа білдіруге тырысатындар жақсы көреді. Олар жұмыста аса белсенді, әртістік қабілеті бар, ұжымда абыройлы болуға талпынатындар. Олар өзгеге жаны ашығанымен өзін ғана ойлайды. Күлгін түсті қатты ұнататындардың осындай мінезі бар. Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 2605 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |