Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Болашаққа нұр құйған - Тәуелсіздік
[ · Скачать удаленно () ] 24.09.2015, 15:45
Тақырыбы: Болашаққа нұр құйған Тәуелсіздік.
Мақсаты: оқушыларды Қазақстанның тәуелсіздік жолында небір тар жол, тайғақ кешулерден өткені, ата - бабаларымыздың ерлігін, өрлігін көрсету, мәнін ашу. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезім ояту. Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, бейнетаспа, суреттер, қанатты сөздер.
Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Болашаққа нұр құйған Тәуелсіздік» деп аталатын тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Біз бұдан бұрын Астана туралы және қазағымыздың қонақжайлылығы туралы «Кең болсаң, кем болмайсың» атты тәрбие сағаттарын да өткізген болатынбыз. Сол сабақтардан еске түсірейікші:
- Біз қай мемлекеттің азаматтарымыз?
- Ұлтымыз кім?
- Тіліміз қандай?
- Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?
- Содан бері неше жыл өтті?
- Тәуелсіздік күні қай күн?
- Енді Қазақстан Республикасының жері, байлығы туралы еске түсірсек.

Қ. Р.- ның жер көлемі 2417, 3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. мысалы: Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания, Италия. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, олар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 85 ірі қалалар бар. Ел ордасы – Астана қаласы.

Біздің Қ. Р. өте бай мемлекет. Бізде алтын, темір, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, бидай, бір сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Қазақстанда 6000 - нан астам пайдалы қазбалар бар.
Мінекей, осындай ұлан - байтақ жерге, бай байлыққа ертеден қызыққан жауларымыз көп болған. Оны қорғау үшін ата - бабаларымыз өз жанын да аямады. Қазақ жерінде соңғы 5 ғасырда 3 мыңдай ірілі - ұсақты көтерілістер мен наразылықтар болған екен. Соның барлығы да қасиетті тәуелсіздік үшін болғаны мәлім.

Көрініспен бастау.
Немере: Ата, не ойлап отырсыз?
Ата: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің? Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немере: Өткен өмір деген не?
Ата: Ә, балам, өткен өмір деген сонау ежелгі ата - бабаларымыздың ерте кезден бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немере: Ол қандай болған?
Ата: Ендеше тыңда балам...

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Нұр, болашаққа, құйған, Тәуелсіздік
Просмотров: 605 | Загрузок: 291 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar