Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
24.09.2015, 15:56
(Бастауыш сыныптарға арналған ашық тәрбие сағаты)
«Біздің тұңғыш Елбасы»
«Наш первый Президент»

Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, кітаптардан көрме
Біздің Елбасымыз - Н. Ә. Назарбаев

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұрпақтары. Бүгінгі «Біздің тұңғыш Елбасы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Жеткен арман жаса, тәуелсіздігім,
Өз қолыма берген ерік тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін!

2 - жүргізуші:
Оқушылар сөзі:

1 - оқушы: Қазақтың елі - кенен ел,
Басшысы жайсаң кемелді ер,
Зейіні зерек, өзі алғыр,
Нұр - ата сынды кемеңгер.
Қазақтың туын ұстаған
Болашақ жолын нұсқаған,
Нұр - ата аян ғаламға,
Беделі биік күшті адам.

2 - оқушы: Зор үміт күткен ғасырдан,
Айбыны асқақ жасынан,
Өмірге жарқын бастаған
Көшбасшы - ата асыл жан.
Астана жайып қанатты,
Айналды баққа абатты,
Алаштың елі асқақтап,
Жер жүзі жұртын қаратты.

3 - оқушы: Найзағай отты жүрегі,
Құрыштай шымыр білегі,
Шешен деп сыйлап шартарап,
Үніне құлақ түреді.
Достықтың керіп желісін,
Үйлесім менен келісім,
Шешімін құптап көп басшы,
Қол соқты жақтап Ер ісін.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Елбасы., первый, наш, тұңғыш, біздің, президент
Просмотров: 783 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar