Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Біз табиғатты сүйеміз!
24.09.2015, 09:31 | |
Фото - сайыс «Біз табиғатты сүйеміз!» Мақсаты: жаратылыстану пәнінен алған білімдерін тексеру, оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, табиғатты қорғауда жауапкершілікті қалыптастыру, табиғатқа деген мейірім мен ықыласын, табиғат байлықтары мен жан - жануар, өсімдіктерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу. Түрі: сайыс Формасы: топтық Көрнекілігі: слайдтар, табиғат көріністері суреттері, нақыл сөздер, қима суреттер, парақшалар, Сайыс жоспары: 1. Кім көп біледі? (сұрақтар қойылады, әр топ 3 ұяшықтан ашады) 2. Пазлдарды құрастыру және қорғау 3. Есте сақта (суреттерді көріп, есінде қалғандарын айту) 4. Үй тапсырмасы: табиғат көріністерінен фото - монтаж 5. Табиғат суреттері Барысы: Мұғалім: Табиғат - тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер - Ана, атамекен, туған жер деген ұғымдар бір - бірімен тамырлас, әрі тағдырлас. Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде қаншама мазмұн, терең мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең, ой жатыр десеңізші! Табиғат - адам бойында адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлімі мол тәрбиеші. Ендеше, ұлы табиғатымыздың құрметіне бүгінгі білімділер сайысын өткізейік. Сайысқа 3 топ қатысады. 1 - топ: Тау 2 - топ: Ауа 3 - топ: Күн. Сонымен сайысымызды бастайық. 1 - кезең «Кім көп біледі?» деп аталады. Шарты: интерактивті тақтада 10, 20,, 30 ұпайдан тұратын ұяшықтар болады. Әр топ қалаған ұяшықтарын таңдап, ондағы сұрақтарға жауап береді. Топ 3 рет ұяшық таңдайды. Ұпай ұяшықтың санына байланысты. 10 ұпайлы ұяшық сұрақтары: 1. Жазық деген не? Жазық түрлерін ата ( Жазық деп құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптарын айтады. Түрлері: тегіс және бедерлі). 2. Кенді пайдалы қазбаларды ата. (Темір, мыс, қорғасын, алтын, алюминий, никель, графит). 3. Ауа қоспасындағы ең көп газ ( Азот). 20 ұпайлы ұяшық сұрақтары: 1. Қазақстанның қорықтары (Наурызым, Барсакелмес, Ақсу - Жабағылы, Марқакөл, Алматы, Үстірт, Алқакөл, Қатон - Қарағай, Қорғалжын). 2. Қазақстаның өзендері ( Сырдария, Жайық, Іле, Ертіс, Есіл, Жетісу, Тобыл). 3. Қазақстандағы биік таулар (Тянь - Шань, Алтай, Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы). 30 ұпайлы ұяшық сұрақтары: 1. ҚР тәуелсіздігін ең алғашқы болып мойындаған қай мемлекет? ( Түркия). 2. ҚР БҰҰ қашан мүше болып кірді? ( 1992 жылы наурыз). 3. Семей атом сынақ полигоны қашан жабылды? ( 1991 жыл). 2 - сайыс «Пазлдарды құрастыру» деп аталады. Шарты: әр топ осы сурет қиындыларын құрастырады. Бұл сайысқа 1 минут уақыт беріледі. 3 - сайыс «Есте сақта» деп аталады. Шарты: тақтада дүниетану пәніне қатысты бірнеше ұғым, заттардың суреттері шығады. Суретке мұқият қарап алу үшін 1 минут уақыт беріледі. 1 минуттан соң суреттер өшіріледі де, оқушылардың есте сақтап қалған суреттердің атын жазуларын сұраймын. Ең көп суретті есте сақтап қалған топ жеңімпаз атанады. Суреттер: глобус, карта, компас, тау, өсімдік, қасқыр, түлкі, қоян, көмір, бұлт, күн. жауын - шашын, адам, мұрын, көз, аяқ, қол. 4 - сайыс Үй тапсырмасы Шарты: әр топ өздерінің дайындаған фото - монтаждарын таныстырады. 5 - сайыс « Табиғат суреттері» деп аталады. Шарты: әр топ табиғат тақырыбына сурет салады. Сол салған суреттерін таныстырып, түсіндіреді. Мұғалім: Сонымен, балалар, бүгінгі біздің сайысымыз өз мәресіне жетті. Көрініс: «Аңшы мен бала» - Құс аулауға шығамысың? - Шығамын. - Атқаныңды жығамысың? - Жығамын. - Міне мылтық атамысың? - Атамын. - Құсың қайда қарағым - ау? - Атпадым. - Таппадың ба тоғайдан құс? - Таппадым. - Көп еді ғой көлде құс. - Көп екен. - Неге атпадың? - Түк дәлелім жоқ екен. - Атуға сен қимадың ба? - Қимадым Туған жердің құстарын да Өзіне қайта сыйладым. Мұғалім: Өзіміздің анадай аялаған туған жердің табиғатына сүйіспеншілікпен қамқорлық жасап, қорғау - әрқайсымыздың азаматтық абзал борышымыз және парасатты парызымыз. Қазақстан - атамекен, жер - анам, Ата - баба өсіп - өнген кең далам. Қазақстан сенде туып, сенде өстім, Қарыздармын сол үшін де мен саған. Қазақстан - туған жерім, киелім, Қасиетіңді қастерлеп, басымды да иемін. Табиғатың тұнып тұрған қазына, Соның бәрін аялаймын, сүйемін. | |
Просмотров: 812 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |