Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Бастауышым - бастамам
24.09.2015, 10:20 | |
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу. 2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу. 3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қанатты сөздер мен тақырып, шарлармен безендіру. Б а р ы с ы: Жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әзжандар, Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан, «Өмір» деген ұзақ жолда тарландар! Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ, Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ, Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан, Лаулап жансын болашағың, шамшырақ... Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен киелі шаңырағымызда болғалы отырған «Бастауышым – бастамам, Білім жолын бастаған!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті, Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті. Қошеметпен шақырамыз ортаға, Қадам басқан шәкірттерін құрметті. Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық, 4 сынып оқушыларын ортамызға! 4 «А» сынып. Сынып жетекшісі – --------------------- Бибажар апай, Бассақ бұрыс, жол сілтеп, қате дейсіз, Әр балаға сіз ана мен әкедейсіз. Болашақтың көктеген жас шыбығын, Бағбанындай аялап, мәпелейсіз. 4 «Ә» сынып. Сынып жетекшісі – --------------- Гүлзира апай, Әр отбасы еркесінің Бабын таба білдіңіз, Ұстаздықтың қиын жолын Көтеріп сіз жүрдіңіз. 4 «Б» сынып. Сынып жетекшісі – -------------------- Гүлбану апай, Болашақтың үлкен жолын Сізден сызып бастадық Еркеліктің, жалқаулықтың, Көп түрін біз тастадық. 4 «В» сынып. Сынып жетекшісі – ------------------ Назира апай, Біз қаншама көп болсақ та Сізге үмітпен қарадық, Басқа ұстаздар алдында енді Оқуға да жарадық. 4 «Г» сынып. Сынып жетекшісі – --------------------- Раушан апай, Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға, Ұқсатып ек біз сізді анамызға. Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық, Жүргеніңізді ұнаттық арамызда. 4 «Д» сынып. Сынып жетекшісі – -------------------------- Жадыра апай, Төрт жыл бойы тынбастан Өнер – білім үйреттіңіз Әрбір жүрек кілтін тауып, Бүгін міне, түлеттіңіз! Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 658 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |