Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

«Бала сұлтан» сайысы
24.09.2015, 11:58
«Бала сұлтан» сайысы
(5 - 6 - класс ер балалары арасындағы сайыс)

Мақсаты: ер балаларды халықтық дәстүрді, әдет - ғұрыпты, тарихты қадірлеуге тәрбиелеу, ұлтжандылық, патриоттық сезімдерге баулу, танымын байытуға, мықты болуға талпындыру.
Көрнекілігі: хан сарайы, үлкен үй өсімдігі, нақыл сөздер.
Жоспар
I. Сайыскерлердің өзін - өзі таныстыруы
II. Спорттық сайыс
III. Білім сайысы
IV. Өнер сайысы
V. Шешендік өнер
VI. Тапқырлық сайысы.

Барысы:
1 - көрініс
Мұңды саз естіліп тұрады. Ортада хан көрінеді. Ойлана жүріп тағына таянып тұрады.
Автор: Ерте, ерте, ертеде... Тобық елін басқарған Әділ есімді хан өмір сүріпті. Мыңғырған малы, дәулеті тасыған ақылды да абыройлы ханның жүрегін үнемі жүдетіп жүретін бір зары болыпты: жетпіс жасқа жеткенше бір баласы тұрмай шетіней берген, шетіней берген... Әділ ханның « Артымнан бір ұрпақ ерсе ғой» деген бір арманы, бір тілегі, бір үміті бар еді...

Жылдам күй естіледі. Кішкентай бала жүгіріп келеді.
Бала: Сүйінші, халқым, сүйінші!
Қуаныш жыры құйылшы!
Аңсап ойлап күткен күн,
Маңдайға жұлдыз біткен күн.
Ақ түйенің қарыны
Жарылды!
Күннің жалыны
Нұрын шашып,
Сылдырап
Ән бұлағы ағылды!
Мұрагер бізге табылды!
Осы кезде ақ жаулықты аналар құндақтағы нәрестені ханға әкеліп береді. Шашу шашылады. Әкесі сәбиін шаттана аспанға көтеріп:
Хан: Ұлым!
Сен жігіт болсаң ер тұлғалы
Алдында белгілі көп жол тұрмағы
Сан шыңға шыдай біл,
Тек төзе көрме
Жалған сөз айтса біреу ел туралы!
Тасқынның қабаттасса толқындары
Мүмкін ғой жартастың да солқылдауы!
Сен ерсің!
Ерлерше сүй Отаныңды
Жаман сөз естімейін сен туралы!!!
Сенің атың – Бейбарыс! Сенің атың – Бейбарыс! Сенің атың – Бейбарыс!

2 - көрініс
Дауылпаз дауысы. Уәзір теріге жазылған хан жарлығын халық алдында оқиды.
1 - уәзір: Уа, халайық жарандар! Мынау жомарт елімізге, кең байтақ елімізге, кең байтақ жерімізге ие болар мұрагер келді дүниеге! Сәбиді ақылды да айбарлы, білімді де білекті, өнерлі әрі жүректі, шешен әрі көсем жігіт болып ер жетуі үшін, хан өзінің қартайғанын ескере отырып, ұлына ұстаз әрі сенімді серік болатын бала табылып жатса, оның алдағы өміріне барлық жағдай жасалады деп уәде етеді. Бірлігі бекем еліміздің тірлігін берік сақтайық десеңіздер, асығыңыздар, ағайын!

3 - көрініс
Автор: Тобық хандығына қарасты алты шаһардың халқы өз ішінен мықты деген алты баланы таңдап жібереді.
2 - уәзір: Дат, тақсыр!
Хан: Датың болса, айт!
2 - уәзір: Мәртебелі хан ием! Бұйрығыңыз бойынша алты шаһардан жүзден жүйрік озып алты бала келіп тұр!
Хан: Кірсін, ендеше! (сайыскерлер келеді) Төрлетіңдер, балалар!
1 - уәзір: Сыналар ер жігіттер келді кезің
Сәулең болса, бермен кел, талапты ерің!
Жан құмары дүниеде немене екен,
Соны білсең – бәрін де білгендерің.
2 - уәзір: Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: сайысы, «Бала, сұлтан»
Просмотров: 1645 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar