Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ғажайып бір минут
24.09.2015, 12:17
Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі
бастауыш сыныбының мұғалімі
Макуова Нуршат Аманкосовна

Тақырыбы:Ғажайып бір минут.
Мақсаты: 1. Оқушыларға «ОРТ» телеарнасынан көрсетіліп отырған ғажайып бір минут атты шоу туралы түсінік беру.
2. Өз өнерлерін, шеберліктерін көпшілікке көрсете білуге ұмтылдыру.
3. Шығармашыл, арманшыл оқушы қалыптасуына ықпал жасау.
Көрнекілігі:суреттер, нақыл сөздер, тақырып жазылған плакат, парақшалар, т. б.

Жүру барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Кіріспе
Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
- Біздер үнемі «ОРТ» телеарнасынан көріп жүрген «Ғажайып бір минут» атты шоудың желісімен өткізгелі отырған шарамызды ашық деп жариялаймыз.
ІI. Негізгі бөлім
Әр топтан қатысқалы отырған оқушыларды ортаға шығарып танысу. Сайысқа дайындықтарын білу, назарларын аударту.
- Бұл шараға 4 топтың мүшелері қатынасады.
1-топ «Балдәурен»
2-топ «Ақкөгершін»
3-топ «Балдырған»
4-топ «Болашақ»
Жүргізуші:Аян
Сайысты ашу үшін кезекті «Шашу» биіне береміз.
- Қыздар тобы.
Жүргізуші: Назым
Сайыскерлердің әділ бағаларын беру үшін әділқазыларды сайламақпыз.
1. Лагерь меңгерушісі:Тасеменова Райгүл
2. Лагерь тәлімгері: Макуова Нұршат
3. Лагерь музыканты: Жұбанғарин Амантай
4. Лагерь көркемдік жетекшісі: Мәтеуова Зинегүл
Жүргізуші:Аян
Сайыскерлерімізді бір-бірлеп ортаға шақырып, өнерлерін тамашалайық.

1-бөлім: Кім өнерлі?
1-топ «Балдәурен»
Ғалымжанова Гүлдана – Ұлттық би.
2-топ «Ақкөгершін»
Сүйесінова Арайлым- Сиқыр көрсету. (фокус)
3-топ «Балдырған»
Аманкелді Нұрболат- Құмнан сурет салу.
4-топ «Болашақ»
Жәңгір Мөлдір -Өзбек биі.

Жүргізуші: Назым
Сайыскерлермен сұхбаттасу, сұрақ қою, әділқазылардың
ақыл-кеңесін тыңдау.

2-бөлім: Кім жаңашыл?
1-топ «Балдәурен»
Ғалымжанова Гүлдана – Сыған биі.
2-топ «Ақкөгершін»
Сүйесінова Арайлым - Кептерлермен бірге. (фокус)
3-топ «Балдырған»
Аманкелді Нұрболат - Ермексазбен мүсін сомдау.
4-топ «Болашақ»
Жәңгір Мөлдір -Татар биі.

IY. Қорытынды
- Әділқазылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалады.
«Ғажайып бір минут» атты шараға қатысқан топ мүшелеріне рахмет айтылып, белгілі орындар беріледі.
1-орын «Ақкөгершін» тобы
2-орын «Балдәурен» тобы
3-орын «Болашақ» тобы
3-орын «Балдырған» тобы
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: минут, Ғажайып, бір
Просмотров: 513 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar