Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Қазақстан спортшылары
24.09.2015, 13:12 | |
Сынып: 4 Сабақтың тақырыбы: Қазақстан спортшылары. Сабақтың мақсаты: Спорт тақырыбын жалғастыру. Оқушыларды Қазақстан спортшыларымен таныстыру. Оқылым, тыңдалым, жазылым, тілдесім әрекеттерін жандандыру. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, дені сау азамат болуға, олимпиада жеңімпаздарын мақтан тұтуға үндеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру Сабақтың көрнекілігі: суреттер Сабақтың барысы: І. Себепті кезең. * Оқушылармен сәлемдесу. ІІ. Қызығушылықты ояту ІІ. Әрекетті кезең. Жаңа сабақ Тыңдалым.«Чемпиондар әні» (бейнебаян) - Балалар, немен таныс болдыңдар? - Бұл - әнді естідіңдер ме? Бүгінгі сабағымыз Лондон олимпиадасына қатысқан Қазақстандық спортшылар туралы болмақ. - Балалар, енді спорт туралы білетін ойларымызды ортаға салайықшы «Кластерлеу»әдісі Спорт түрлері ↓ ат спорты, күрес, жүзу, баскетбол, жүгіру, волейбол Жазғы ХХХ олимпиада Лондонда қатысқан спортшылар туралы не білеміз? Қысқаша мәліметтер: Серік Сәпиев, Ақжүрек Таңатаров, Әділбек Ниязымбетов, Александр Винокуров, Илья Ильин, Мая Манеза, Зульфия Чиншанло, Ольга Рыпакова. Светлана Подобедова, Даниял Гаджиев, Гузель Манюрова, Иван Дидчко, Марина Вольнова Мұғалім: - Сонымен қатар өзіміздің әлемге әйгілі тарихта қалған қазақ палуаны Қажымұқан туралы айтпасқа болмас Байрам: қысқаша мәлімет береді Оқылым Жазғы ХХХ олимпиада Лондонда өтті. Қазақстаннан 116 спортшы спорттың 25 түрінен қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша Қазақстан 12 - ші орыннан көрінді. Барлығы 13 медаль алды. Оның жетеуі алтын, біреуі күміс, бесеуі қола медаль. Лондон Олимпиада жүлдегерлері: Алтын медаль: Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Мая Манеза, Зульфия Чиншанло, Ольга Рыпакова. Светлана Подобедова. Күміс медаль: Әділбек Ниязымбетов. Қола медаль: Ақжүрек Таңатаров, Даниял Гаджиев, Гузель Манюрова, Иван Дидчко, Марина Вольнова • Мәтінді мұқият тыңдау, оқу. • Аудару. • Мәтіннен бұрыс, дұрыс сөйлемдерді табыңыздар. Айтылым. Спорттың түрлерін атау. Жазғы спорт түрлері:------------------ Қысқы спорт түрлері: • 1. Велоспорт ------------------------- 1. Биатлон • 2. Ат спорты ------------------------- 2. Тау шаңғысы спорты • 3. Жеңіл атлетика ------------------ 3. Шаңғы жарыстары • 4. Гольф ------------------------------ 4. Мәнерлеп сырғанау • 5. Теннис ----------------------------- 5. Фристайл • 6. Футбол ----------------------------- 6. Хоккей • 7. Суда жүзу ------------------------- 7. Шорт - трек т.с.с. Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 2348 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |