Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қазақстан менің жүрегіміде!
[ · Скачать удаленно () ] 24.09.2015, 15:52
Біз Қазақстан патриотымыз!

Мақсаты: Оқушыларға еліміз қабылдаған Ата заңның өмірлік қажеттілігін ұғындыру, заңды өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық сауаттылығын жетілдіру, заң негізінде өз құқығын талап ете білуге баулау; патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер, заң кітаптары.

Ұйымдастыру.
Дөңгелек стол
Гимн
І. Ата заң туралы мәлімет
ІІ. Бала құқығы және міндеттерімен таныстыру
ІІІ. Слайд
Видео

1 – бөлім. Баяндама
1 - жүргізуші:
Қазіргі таңда еліміз тәуелсіздігін алып, оңы мен солын танып, бары мен жоғын түгелдеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылдаған Конституциясы ел дамуының түс бағдары болды десек қателеспейміз. Мемлекет дегеніміз белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бар жалпыхалықтық ұйым десек, сол қазақ ұлтының төлқұжаты – Ата заңы. Егер тарихқа көз жүгіртер болсақ Ата заңымыздың негізі сонау ықылым замандағы Есім ханның «Ескі жолынан» бастау алып, Қасым ханның «Қасқа жолы» мен Әз тәукенің «Жеті жарғысы» жалғастырды. Сол заманда - ақ ортақ заңға бас иіп, ауыздары дуалы, сөздері дана билердің шешімдерімен келісіп отырған. Қазақ халқының бейбіт тыныш заманда өмір сүруіне Төле би, Әйтеке би және Қазыбек бидің үлестері көп болды. Қазіргі уақытта еліміздің бүгіні мен болашағы бүкіл әлемді сүйсіндіріп отыр. Қазақ елі дүниені мойындатып қана қоймай, жасампаз жарқын қуатымен көш бастап келеді. Бұл тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры – Ата заңымыздың арқасы.
Заң – бүкіл халық мойындаған жалпылама қабылданған ережелер жиынтығы.

2 - жүргізуші:
Республикамызда заң шығару жұмысымен Парламент айналысады. Парламент халық депутаттарынан құрылады.
Парламент

Сенат ---------------------------- Мәжіліс
(жоғарғы палата) ------------- (төменгі палата)

Президенттің жарлығы мен өкімдерін, Парламент қабылдаған түрлі заңдары Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырып отырады.
Үкімет
Үкіметті Премьер - министр басқарады
Барлық шаруашылық салалары
Халықтың әл-ауқатын жақсарту
Ішкі тәртіп және қорғаныс

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: менің, Қазақстан, жүрегіміде!
Просмотров: 713 | Загрузок: 344 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar