Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ата заңым-ардағым
24.09.2015, 11:43
Тақырыбы: «Ата заңым – ардағым»
Мақсаты: Ата заң туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту.
Заңның өмірмен байланысын түсіндіру. Сұрақ беру арқылы балалардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Отанын қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақстан Мемлекетінің рәміздер, жүрекшелер, отан туралы, заң туралы мақал - мәтелдер буклеті.

Тәрбиеші: Оқушылар мына өлең жолдарын мұқият тыңдап отырыңдар.
«Ата заң»
Ата заңым,
Ата заңым - ардағым.
Аялаған адамзаттың арманын,
Жол бастайды
Болашаққа жасампаз.
Әрбір бабың, тарауларың, тармағың.
Алтын заңда - Парасатым, пайымым,
Алтын заңда – күш қуатым, жалыным,
Сен қорғайсың,
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн.

Конституция 1995жылы 30 тамызда бүкіл халықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі - өзінің егемендік құқығын баян етті.
Содан бері 30тамыз елімізде Конституция күні болып мерекеленіп келеді. Қазақстан мемлекетін қорғау бүкіл қазақ азаматының міндеті. Олар заңды сыйлап, құрметтеп жүруі тиіс.

Кәусәр:
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым - Отанымның түлегісің.
Іргесін туған елдің тіреп тұрған,
Қадірін Ата заңның білемісің?

Кеңес:
Ешкімде мін таға алмас елдігіме,
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де.

Ұлжан:
Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан – саласын реттейтін,
Әрбір заң Ата заңнан туындаған.

Дастан:
Бастайтын болашаққа бақ кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері,
«Халқыма адалмын» деп, Ата заңға
Елбасы қолын қойып ант береді!

Қазақстан Мемлекетінің рәміздерімен таныстыру:

Қазақстан Мемлекетінің Әнұраны

Әнұран
сөзі: Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов
әні: Ш. Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, менің!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: заңым-ардағым, ата
Просмотров: 1807 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar