Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Ата салтым – асыл мұрам
24.09.2015, 15:32 | |
Сабақтың тақырыбы: «Ата салтым – асыл мұрам» Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру. Баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету. Өз ұлтына, әдет – ғұрып, салт - дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттыру. Көрнекіліктер: ұлттық киімдер, бесік, қуыршақ, суреттер, слайд. Ұйымдастыру кезеңі Жүргізуші: Ата салтым – асыл мұрам, ардағым, Бабалардың жалғастырар арманым. Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім, Өткенімді бүгінменен жалғадым. Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар, мұғалімдер! Бүгінгі біздің 2 «Б» сыныбында өткізіліп жатқан «Ата салтым – асыл мұрам» атты сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер! Бүгінгі шарамыздың негізгі мақсаты өз халқымыздың салт – дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы оқушыларға түсіндіріп, бойларына сіңіру болып табылады. Салт - дәстүр, әдет – ғұрып атадан балаға қалып отырған. Әр ұлттық өзіне тән салт – дәстүрі бар. Білімсізден жаман жоқ, Туған соң адам боп. Ел дәстүрін білмесең, Жұрт айтады надан деп, - дегендей, қазақтың салт – дәстүрлерін бірнеше топқа бөліп қарауға болады. ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ – ДӘСТҮРЛЕРІ Отау көтеру дәстүрлері: қыз ұзату, беташар, шаңырақ көтеру. Тәрбие дәстүрлері: бесікке салу, алтыбақан. Отбасы дәстүрлері: дастарқанда бата беру, бәйге, отбасы аластау. Еңбек дәстүріне: аңшылық, сонар. Ислам тағылымы: құрбан шалу. Қаза ғұрыптары: дұға оқу, жоқтау. Ата салтым – асыл мұрам, ардағым, Бабалардың жалғастырар арманым. Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім, Өткенімді бүгін менен жалғадым. Енді тақпақтарға кезек берейік: 1 – оқушы Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған, Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған. Салт – дәстүрді ардайық ағайын, Қазақ атты үлкен – кіші балдырған. 2 – оқушы Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде, Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде. Төрлетіңіз қадірменді қонақтар, Гүл – гүл жайнап, мына біздің төрімізге. 3 – оқушы Туған соң адам боп, Білімсізден жаман жоқ. Ел дәстүрін білмесең, Жұрт айтады надан деп. 4 – оқушы Ата – бабаң ардақты, Жамандыққа бармапты. Ардай тұтып салт – дәстүрді, Ата жолын жалғапты. 5 – оқушы Бауырласқан тәніміз, Бұзылмаған антымыз. Кең даланың ежелгі, Қазақ дейтін халқымыз. Өзге ұлттай біздің де, Бар дәстүрмен салтымыз. Ән: «Алтын ана» Орындайды: Набатова Ұлболсын. Жүргізуші: Мәңгі толы қазағымның ғұмыры, Сан асылдың ашылып тұр ғұмыры. Кеше ғана керексіз ғып тастаған, Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы. Атамыз қазақ тәрбиеге, салт – дәстүрге ерекше көңіл бөлген. Ерте кезде жазу, сызу болмағанда да баланы отбасында отырып – ақ тәрбиелеген. Ырымдар мен тыйымдар, алғыс – тілектер, мақал – мәтелдер арқылы тәрбие берген. Ырымдар мен тыйымдар. - Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса, белгілі азамат болып өседі. - Бүк түсіп ұйықтаса – уайымшыл, жігерсіз болып шығады. - Етпетінен ұйықтаса – ойшыл болады. - Аяқ – қолын еркін созып ұйықтаса – болашақта батыр, кемеңгер болады деп болжаған. Жүргізуші: Сонымен біз ырымдар мен тыйымдарды біліп, оларды әрдайым жадымызда сақтауымыз керек. Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 1298 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |