Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ғасыр дерті
24.09.2015, 13:56
Мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана - сезімдерін дамыта түсу.
Сабақтың әдісі: конференция сабақ
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, сызбалар мен арнайы дайындалған диск

Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылармен сәлемдесу;
- оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Мұғалім: Қош келдіңіздер, бүгінгі конференцияға жиналған қауым! Сіз бен біз бүгін 9 - 10 - 11 сынып оқушыларының арасында өткелі отырған «Ғасыр дерті» атты конференцияға жиналып отырмыз. Бұл конференцияның мақсаты – темекі, арақ, нашақорлық, СПИД туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды осы зиянды әдеттерден қорғау, қарсы күресе білуге шақыру.
Құрметті оқушылар! Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Жалпы денсаулық дегеніміз не? Қысқаша түсінік беріп өтсек: Дені сау адам дегеніміз ол физикалық, психологиялық және рухани жан дүниесі таза адам.

Мұғалім: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», - деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтқан. Сондықтан Елбасымыздың айтқан сөздеріне мән беріп салауатты өмір салтын қалыптастыруға ат салысайық.
Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады.

Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер.
Бұлар қандай әрекеттер?
Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық және XXI – ғасыр індетіне айналып отырған СПИД ауруы. Бүгінгі сабағымызда біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан сақтану жолдарын қарастырамыз.
Осы конференцияға шақырылған қонақтармен таныстырып өтейін:
1.
2.
3.
4.
Мұғалім: Осы отырыста өз ойларыңызды, сіздерді толғандырып жүрген мәселелерді толық шешуге, қиналған сұрақтарыңызға қатысып отырған қонақтарымыздан жауап алуға болады.
Ендеше алдыңғы кезекте темекінің зиянына тоқталайық.

І бөлім: «Темекіні тартқаның, өзіңді - өзің құртқаның»
Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол - аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауа тамыр және өкпе, рак ауруларына шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97% өкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні өкпе тарамдарымен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына қажетті оттекті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Радиоактивті заттар да бар. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1 литр қара май жинайды.
Ендеше сіздерге қысқаша осы темекінің зияны туралы мына дискіде көрініс берілген тамашалаймыз.
Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой - өрісі дамыған, мәдениетті адамға шылым шегу жараспаған. Ал кісі өліміне апаратын жаман әдет қайдан келген? Ол туралы бізге тарихшымыз айтып береді.

Тарихшы: (Абылайхан) Темекі адамға ерте кезден бастап белгілі болған, оны діни ғұрыптарға пайдаланған. Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең етек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез.
Ертеде Түркияда темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартатындарды дарға асқан. Ал Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегуді білмейді.

Еуропалықтарға темекі шегуді үндістер үйреткен, олар темекі түтіні арқылы масаларды қуған. Үндістердің ер адамдарымен қоса әйелдері мен балалары да темекі шеккен. Колумбтың матростары достастық белгісі ретінде «өмір түтігін, яғни темекіні шеккен».

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ғасыр, дерті
Просмотров: 686 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar