Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Аналар - асыл жандар
24.09.2015, 12:01 | |
Тақырыбы: «Аналар - асыл жандар...» Мақсаты: Оқушылардың аналар мен әжелерді, ұстаздар мен қыздарды мерекемен құттықтауы. «Ана» деген қасиетті сөздің маңызын білу, құрметтеу, қастерлеуге баулу. Олардың бойына адамгершілік асыл қасиетті сіңіру. Кештің көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, ұлағатты сөздер жазылған плакат. Спандияр: - АЯУЛЫ ӘЖЕЛЕР МЕН АРДАҚТЫ АНАЛАР! Қуанышты жүз көреміз әркімнен, Болашаққа бастайтын жол жарқын, кең, Қызғалдақтай құлпырыңдар бәрің де, Құттықтаймыз сегізінші наурызбен! Аружан: - ҚҰРМЕТТІ ДЕ ҚАДІРЛІ ҰСТАЗДАР! Қызық болсын әрбір күнің әр күннен, Еңбектерің жансын ерен қарқынмен, Құшақтарың гүлге толсын әрдайым, Құттықтаймыз сегізінші наурызбен! Спандияр: - Енді назарларыңызды экранға аударыңыздар. Мұғалім: - Әр баланың өз анасы туралы жазған шығармасымен таныстырып, ортаға шақырайық (алдымен видео бойынша балалардың тілектерін тыңдату, сосын слайд бойынша шығармаларды ашып, оқушыларды шақыру, аналарына дайындаған сыйлықтарын беру) Айғаным: Мерейлі сәт мерекеге ұласып, Сегізінші наурыз келді қыр асып. Қыз - келіншек, нәзік жандар мейрамы - Көктемімнің шапағатын тұр шашып. Мирас: Құттықтаймыз аналарды, қыздарды, Мерекеден шуақты бір із қалды. Болсын әркез көтеріңкі көңілдер, Нұрын шашсын мерекеге өңірлер! Әмина: Тал бесікке тірлікті ілмектеген, Мадақтауға Ананы тіл жетпеген. Алатаудың шыңына ту тігеді, Анасына той жасап, құрметтеген. Арлан: Анашым шалқып күлсең, Алдымда ұзақ жүрсең, Жүрегім жыр толғайды, Көңілім ортаймайды. Анасы бар адамдар, Ешқашан қартаймайды. Аружан: Анасыздар, кең байтақ даласыздар. Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар. Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ, Үлбіреген жауқазын баласыздар. Әдемі: Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар. Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар. Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар. Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар. Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар. Дәуірбек: Гүлдей болсын өміріңіз, Нұрға толсын көңіліңіз. Биік боп жұлдызыңыз Көктемдей құлпырыңыз. Бақыт қонсын басыңызға Қолдап жүрсін Тәңіріңіз! Лейла: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған, Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған, Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар, Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған. Мадияр: Келді көктем күннің, Күлімдейді гүлің – Алтын ойлы Анам, Мерекеңіз бүгін! *** Жұмақ - құшақ панам, Күндей нұрлы санаң! Қызығын көр ұл - қыз, Еңбек сүйгіш Анам! *** Кетті қысқы ызғар, Еріп жатыр мұздар. Мерекеңіз бүгін, Қызғалдақтай қыздар! Анель: Дүниеде ең кемеңгер дананы, Ана табады, аялайды бағады. Сол үшінде құдіретіңе бас иіп, Құрметтейік қасиетті – ананы. Ажар: Құтты болсын аналардың мейрамы! Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары! Мерекесі бұл көктемнің алғашқы, Бақыт берсін әр көктемнің айлары! Дарина: Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған Шапақтарың бар әлемге таралған, Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың, Орындалсын жүректегі бар арман! Спандияр: Болса өзге жүрек, Адамға адам – тірек. Сіздерге айтар мынау, Мерекелік тілек: *** Қарау жүрсін қашық, Алшы түссін асық. Берекесін берсін, Сіздер еткен кәсіп! *** Әр таңдарың атқан, Бақыт берсін батпан. Құрастырсын құдай, Табысыңды тапқан! Спандияр: - Балалар, аналарға ән - шашу орындалып жатқан кезде таратылған параққа үлгі бойынша аналарыңа арнап өлең шумағын құрастырып көріңдер. 1._______________ өміріңіз, ________________ көңіліңіз. ________________________ _____________ құлпырыңыз! 2._______________ гүліміз, ________________ күніміз. _______________________ ________________ жүріңіз! - Сүйікті аналар, сіздердің мейірбан жүздеріңіздей көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз құтты болсын! Спандияр: - Бүгін сіздер үшін бүкіл адам баласы қуанышқа бөленер, сіздер үшін жүрекжарды тілектерін арнайтын күн. Сынып қыздарын құттықтау. Спандияр: Қыздар, көктемнің алғашқы күндерімен бірге көңілге қуаныш ала келетін 8 - наурыз мерекелерің құтты болсын! Мадияр: - Көктемнің бар гүлі, көңілдің сазды үні тек сендерге арналсын! Дәуірбек: - Жандарыңа жылылық, жүректеріңе ұлылық берсін! Арлан: - Ата - аналарың аман болсын! Мирас: - Күнделіктерің 5 - ке толсын! (қыздарға арнаған сыйлықтарын тарту ету) Аружан: - Бүгінгі ән - жыр, би - күй сіздерге арналады, қабыл алыңыздар! Ән (хор): «Анашым». Қыздардың орындауында «Саржайлау» биін тамашалаңыздар. Күй: «Гәкку». Орындайтын Мирас Ән(хор): «Ақ мамам» Қойылым: Күй: «Ақ сиса». Орындайтын Спандияр Ән: «Ай дидарлы анашым». Орындайтын Әмина, Айғаным, Аружан. Ән (хор): «Құттықтаймын, ана, туған күніңмен!» Ана мен қыздар арасында «Кішкентай көмекші» атты сайыс. Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Жайма шуақ күнде кездескенше! | |
Просмотров: 1728 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |