Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ана тілім - асыл мұрам
24.09.2015, 09:12
Тәрбие сағаттың тақырыбы: Ана тілім - асыл мұрам
Тәрбие сағаттың мақсаты: Ана тіліміздің қадыр - қасиетін ұғындыру, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың
айтқандарын үйрету, тіліміздің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып жауаптарын жүйелі айта білуге, еркін сөйлеуге баулу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайд.

Жүрісі: 1. Ұйымдастыру.
Мемлекеттік әнұран орындалады.
Мұғалім: Құрметті оқытушылар мен оқушылар, тіл мерекесі құтты болсын!
«Жасай бер, ана тілім - қазақ тілі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Сүйемін туған тілім - ана тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім,- дей келе тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын. Бүгінгі шарамыз сайыс түрінде өтпек.
Тілім менің ұлы Абайдай,
Мұхтардай менің пірім.
Тұнығым, рухани жан азығым,
Ол бүлінсе менің де бүлінгенім,- демекші екі топ тіл туралы өлеңдерін айтып, сайысқа түседі.
Эльдар:
Өсірген ой - білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.
Әсем:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Марзие:
Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің - анаң, сыйлап өтіңдер.
Ақбота:
Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі.
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін.
Бекберді:
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр, әнім.
Жанат:
Туған тілім - бабам тілі өз тілім,
Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - адам тілі - өз тілім,
Туған тілім - далам тілі - өз тілім.
Әдемі:
Ана тілім - ақ қанатты тұлпарым,
Биіктерге самғап ұшар сұңқарым.
Ана тілім - махаббатым, құштарым,
Ана тілім - әнге қосар ардағым.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: мұрам, Асыл, ана, тілім
Просмотров: 973 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar