Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Ана тілі – жүрек үні
24.09.2015, 14:38 | |
Ана тілі – жүрек үні Мақсаты: 1. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты, оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру. 2. Қазақстанның мемлекеттік тіліне деген қызығушылығын арттыру, елін, жерін, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнектілігі: Мақал - мәтелдер, оқушылардың газеттері, Қазақстан картасы, үнтаспа, кітап көрмесі, нақыл сөздер. Тілден артық қазына жоқ, Тілден артық қасиет жоқ. (Н. Ә. Назарбаев) Барысы: 1 - жүргізуші: Қайырлы күн, ұстаздар мен қонақтар! Сіздерге арнап “Ана тілі - жүрек үні”атты тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер! 2 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының Конституциясындағы “Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі”деп жазылған. 1 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тіл туралы алғашқы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Біздің елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде. Қазақ тілін үйреніп жүрген шетел азаматтары да аз емес. 2 - жүргізуші: Қазақ тілі түрлі тектес тілдерге, соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады. Түркі тілдес халықтар: қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, татар, башқұрт, әзірбайжан, тува, хақас, алтай жатады. 1 - оқушы: Жер шарының бірсыпыра жерінде көптеген қазақтар тұрды. Басқа шетелдерде тұратын қазақтар да өз тілін ана тілім деп есептейді. Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Ол - халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан - ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. 2 - оқушы: Ол енді толық мағынасында республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр. 3 - оқушы: Ана тілі - бар білімнің қайнары, Аталардың өсиеті пайдалы. Алақаны мейірімді анаңның, Ұстазыңның жарқын жүзі - жайдары. Ана тілім - тастамайтын әліппем, Болғаным жоқ әріптерін танып мен. Өз тілімді жақсы көру арқылы, Достасамын басқа барлық халықпен. 4 - оқушы: Ана тілің - біліп қой, Еркіндігің теңдігің. Ана тілің - біліп қой, Мақтанышың, елдігің. Ана тілің - арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! 5 - оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар. Туған тілде әнім менен сәнім бар, Туған тілім - жүрек үнім, наныңдар, Нанбасаңдар, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. 6 - оқушы: Халық өзінің тілін ең ардақтысы деп санайды, оны ерекше сүйеді. Қырғыз ақыны Сарноғаевтың айтқанындай,”Ана тілін сүймеген адам, халқын сүйіп те жарытпайды’’ 7 - оқушы: Тілді жасаушы халықтың өзі. Сондықтан халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Қазақ тілі - дамыған, жетілмеген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын, кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын. 8 - оқушы: Қазақ тілінің байлығы - қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен шық теңестіре алатын іргелі ел бола алады. 9 - оқушы: Ең бірінші бақытым - тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей - кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім. 10 - оқушы: Сүйемін туған тілді - анам тілін, Бесікте жатқанымда - ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнім. 11 - оқушы: Сол тілімнен үйрендім нәрсе аттарын, Сол тілімнен әдетті мен жаттадым. Ең бірінші сол тілімнен сыртқа шықты, Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным. Оқу, білім, тіл, өнер туралы мақал мәтелдер: 1. Білім кілті - тіл. 2. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. 3. Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл. 4. Ақыл - тозбайтын тон, Білім - таусылмайтын кен. 5. Тіл - көңілдің кілті. Сынып сағатымыздың соңында ұлы адамдардың ана тілі туралы айтқан нақыл сөздерін айтып қорытындылаймыз. Мысалы: Тіл дегеніміз - қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры. | |
Просмотров: 1404 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |