Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Алғашқы қоңырау
24.09.2015, 13:09 | |
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дүйсенова Айнұр Меңдігерейқызы 2015 - 2016 оқу жылына арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиынының бағдарламасы Оқушыларды мектепке кіргізу Тақырыбы: Сыңғырла, күміс қоңырау! Мақсаты: 1.«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынын ұйымдастырып өткізу. 1 - сынып оқушыларын мектепке қабылдау. 2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1, 7, 9, 30, 40, 44 баптарына тоқтала отырып, “Мәңгілік Ел” Ұлттық идеясы аясында “Менің Отаным - Қазақстан” тақырыбында алғашқы сабақтартар өткізу. 3. Оқушыларға азаматтық - патриоттық тәрбие беру. Жоспары: 1. Сапқа тұрғызу 2. Қонақтармен таныстыру 3. ҚР гимні 4. Мерекелік құттықтаулар 5. Оқушылардың мерекелік құттықтауы 6. 1 сыныпқа қабылдау 7. Алғашқы қоңырау соғу салтанаты 8. Қорытынды сөз Безендіру: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері, қабырға газеттері, қанатты сөздер, шарлармен жалаушалар ілу, музыкалық аппаратурамен қамтамасыз ету, Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар, мектеп оқушылары! Барша баланың бойына білім нәрі мен тәлімді тәрбие дәнін себетін мезгіл - 2015 - 2016 жаңа оқу жылының басталуына арналған «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынына мерекелік көңіл күймен қош келдіңіздер! Тарихы терең Тәуелсіз еліміздің еркін өмір көшіндегі “Мәңгілік Ел” Ұлттық идеясын жүзеге асыруда жаңалығы мен жетістігі мол оқу жылымен толыға түскей деген асқақ арманымызға қол жеткізуге бағытталған БІЛІМ КҮНІ мерекелеріңіз құтты болсын! 2. Салтанатты жиынымызға қатынасушы қонақтармен таныстыру. ------------------------------- Жүргізуші: 2015 жыл тарихқа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 24 жылдығы болып енеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 20 жыл, Қазақстан Халықтарының Ассамблеясына 20 жыл, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуымен ерекшеленеді. Сол айтулы мереке қарсаңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін бүгін ерекше күн болмақ. Бірінші сынып оқушыларын және олардың аяулы ұстаздарын мерекемен құттықтап, салтанатты жиынға шақырамыз! 1“А” сыныбын білім әлеміне I санатты ұстаз ------------------------ бастап апарады Биыл мен де мектепке Біріншіге барамын. Мақтанбаймын мен текке, Дайын дәптер, қаламым. Бірінші қыркүйек күнімен Аңқыған жұпар гүлімен Келіп ем, қарсы алды мектебім Сүйкімді қоңырау үнімен 1 “Б” сыныбын білім әлеміне II санатты ұстаз --------------------------- бастап апарады Мектепке енді барамыз, Біз оқушы боламыз. Жақсы оқып сабақты, Кілең бестік аламыз. Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймын! 3. Гимн орындалады 4. Мерекелік құттықтаулар Салтанатты жиынды ашу үшін: 1) Мектеп директоры - 2) Аудандық маслихаттың депутаты - 3) Қамысқала селолық округінен 4) Аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі - Нұрлы үмітін көтеріп ол арқаға, Жан сәулесін тарататын баршаға. Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп, Қонақтарды шақырамыз ортаға,- дей келе сөз салтанатты жиынның қадірменді қонағы ........................................ беріледі. Күндеріңіз толсын гүлге, желекке, Отбасында болсын ырыс - береке. Сөз береміз аяулы аналарға, Өмір - думан, бақ әкелсін мереке - дей келе сөз ата - аналар атынан................... беріледі. 5) Оқушылардың мерекелік құттықтауы Бағынған өз заңына жұмыр ғалам, Сондықтан Күннен Жерім суынбаған. Қоғамның сан саласын реттейтін Әрбір заң Ата Заңнан туындаған. День конституции Казахстана Сегодня празднует народ. И этот праздник отмечаем Уже двадцатый год! Недооценивать не будем Мы сей торжественный момент, Ведь конституция, по сути, Есть самый важный документ! Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 838 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |