Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Аяулы ана
24.09.2015, 09:52 | |
Сабақтың тақырыбы: Аяулы әже, ардақты ана, ару қыздар. Сабақтың мақсаты: 8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. - Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. - оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерін қалыптастыруға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Газет, нақыл сөздер, гүлдер, шарлар, магнитофон. Сабақтың барысы: 1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, аналар! 2 - жүргізуші: Бүгінгі мереке 8 - наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыздар» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. 1 - оқушы: Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті аналар. 2 - оқушы: Құрметтейік, о, адамдар аналарды. Бізді өмірге әкелген даналарды. Себебі ана деген асыл жан ғой Ойлауменен істелік әр қадамды. 3 - оқушы: Көктем күні көрікті, Күн шұғыла төгіпті. Сол көктемде мереке, Дүниеге келіпті. 4 - оқушы: Көктем күні көрікті Шашты әлемге шуақты, Наурыз өзі өмірді, Нұрландырған сияқты. 5 - оқушы: Наурыз келді, Анажан серпіліңіз. Шуақтанып, Шаттанып желпініңіз Кеудеңізде керемет оттар жатыр, Сізден жылу әлемін күткеніміз. 6 - оқушы: Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз. Би: «Кукарелла» 7 - оқушы: Ақ сүтінен жаралған, Ақ сүтінен нәр алған, Анаға бас иеміз! Туған елдің тілі деп, Туған жердің үні деп, Анаға бас иеміз. 8 - оқушы: Біз мәңгілік сіздерге, аналар борыштармыз дегім келеді. Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс! Мерекелеріңіз құтты болсын! - Ән: «Анашым, қартаймашы» 9 - оқушы: Мамам, мамам, ақ мамам Мен де өзіңдей ақ балаң. Айтқан тілді аламын, Жұмсағанда барамын. Ақ төсекке жатқызсаң, Көзім жұма қаламын. Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 569 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |