Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты |
Аялайық ананы
24.09.2015, 14:26 | |
Тақырыбы: Аялайық ананы Балалар қол шапалақтап кабинетке музыканың сүйемелдеуімен кіреді. 1 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме аяулы да, ардақты аналар, әжелер! 2 жүргізуші: Бүгінгі біздің халықаралық 8 Наурыз Аналар мерекесіне арналған кешімізге қош келіпсіздер! Жүргізушілер: Гүл - гүл жайна әріміз Кіреді біздің сәніміз Аналардың тойымен Құттықтаймыз бәріміз 1 жүргізуші: Құрметті аналар және әжелер біздің балалар сіздерге арнап тақпақтар дайындады 1 бала Әлпештеген, аялаған Ақ сүт берген апатайым Сәлем беріп бүгін саған Мейрамыңмен құттықтаймын 2 бала Мені жақсы көреді Күнде күліп жүреді Көп ертегі біледі Маған айтып береді 3 бала Қандай бала болмайық Анамызға бәріміз Көтерсеңші көңілді Ән салайық бәріміз 4 бала Еркелесем, күлімдейтін Ұрысқаны білінбейтін Құлыншағым, күнім деп Маңдайымнан иіскейтін 5 бала Әр сөзімді жаттаған Жүрегімде сақтаған Анашым деп мақтанам Айналайын ақ мамам 2 жүргізуші: Ал сен білесің бе, қазір жылдың қандай мезгілі? 1 жүргізуші: Ия, қазір көктем мезгілі, табиғаттың оянатын кезі, құстардың үйге оралатын кезі 2 жүргізуші: Дұрыс айтасың, олай болса қане балалармен бірге ата - аналарымызға арнап «Көктем» өлеңін айтайықшы Өлең «Көктем» 1 жүргізуші: Қарашы біздің мерекемізге тек аналарымыз емес, сонымен қатар әжелерімізде келіпті 2 жүргізуші: Ия, олай болса қане әжелерімізге арналған тақпақтарыңды тыңдап көрейік 1 бала Ақ кимешек киген Ақ бетімнен сүйген Әжем менің қандай? Әжем менің айдай 2 бала Бізді жақсы көрген Ертегі айтып берген Әжем менің қандай? Әжем менің айдай 3 бала Мектепке апарған Шықсам күтіп алған Әжем менің қандай? Әжем менің айдай 4 бала Ұл - қызыңа ерген Немереңбіз әже Немереңнен өрген Шөбереңбіз әже Толық нұсқасын жүктеу | |
Просмотров: 713 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |