Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Педагогика

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті коучинг
06.11.2014, 20:09

Коучинг - Педагогика

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

«Бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесі» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді
коучинг жоспары:

2014жыл 1 апта 1-сабақ

Сабақ тақырыбы: «Бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесі »
Жалпы мақсат: Бірлескен топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімділігі мен әдіс-тәсілдерін түсіндіру. Топта ынтымақтастықпен бірлесіп жұмыс істеудің тиімді жолдарын үйрету.
Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2. Ғаламтор материалдары.
Оқу нәтижесі Бірлескен топтық жұмыс барысында тапсырмаларды нақты,жүйелі орындау және табысты оқу нәтижесіне қол жеткізу.
Түйінді идеялар: Топтық жұмысты дұрыс ұйымдастырудың әдіс-тәсілін меңгеру және оны өзі қолдана білу.
Сабақта қолданылатын материалдар: Стикер,маркер, флипчарт қағаздары, қалам.
Оқыту әдістері: АКТ, коучинг, диалог,оқытудың жаңа тәсілдері.
1. Диалог
2. Топтық жұмыс
3.рөлдік ойын
Тапсырмалар: Сұрақ- жауап , диалог,бағалау.

Оқуға арналған тапсырма: Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық.

І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
(5 мин)


Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс- әрекеті
1 мин

2 мин

Коучинг сессияға қатысушы мұғалімдер «Ақ тілек» Түрлі –түсті стикерлерге әр түрлі сөздер жазылады және мұғалімдерге таратылып беріледі. Мысалы: қалам, кітап,айна,білім.өмір.табиғат.теңіз.күн т.с.с.. Мұғалім өзінің оң жағындағы әріптесіне стикердегі сөзді қатыстырып, тілек айтады
4 мин
Таныстыруға әр топқа 2 минуттан беріледі. Топқа бөлу.Стикерде жазылған «мектеп» және «өнер» «табиғат» тақырыбындағы сөздер бойынша топқа бөлу.
Келісім шарт құру. «Мектеп» тақырыбына қатысты сөздер бірінші топ, ал «өнер» тақырыбына қатысты сөздер екінші топ болады. «табиғат» тақырыбы үшінші топқа. Топта бірлесе отырып құрады таныстырылады.
І. тапсырма
(8 минут)

Топтық жұмыс:
«Ортақ портрет» Әр топ өз тобының ортақ портретін құрастырады. Бұл үшін топ құрамындағы әріптестер дене мүшелерін бөліп, мысалы біреудің көздері мен қолдары, екіншісінің құлақтары т.с.с. оларды біріктіріп, флипчартқа салу немесе постер арқылы бейнелеу тапсырылады.
1.Топтар өз портреттерін оқып береді .
2.Жұмыстарын өзара бағалау.
Әр топ «Ортақ портрет» ойыны туралы өз ойларын флипчартқа дайындайды және қорғайды.
Жұмыстарын екі жұлдыз бір тілек арқылы өзара бағалайды.

4 мин таныстыру
( әр топқа
2 мин) Бірлесіп орындаған жұмыстарын таныстыруды тапсырады
2.Қорғау жұмысы бойынша сұрақ қою.

Бірлесе орындаған жұмыстарын топ мүшелері қорғайды.
Бір-бірін тыңдап, қорғау жұмыстарына байланысты сұрақтар қояды.

ІІ .тапсырма
(10 мин,әр топқа 5 минуттан) Топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалауға нұсқау береді. Топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды.мысалы:қол соғу. Жұмыстарын екі жұлдыз бір тілек арқылы өзара бағалайды.

3 мин
1. Сергіту сәтін өткізу. «Шоқ гүлдер» биіне билету
. «Шоқ гүлдер» биіне билеу
ІII. тапсырма
Рөлге түсу әр топқа 3 минуттан 10 минут. І-топ « Қатал мұғалім»
ІІ-топ «Салмақты мұғалім»
III-топ «Мазасыз мұғалім»
рөлін сомдау тапсырылады. Берілген тақырып бойынша сценарий құрастырып, рөлге түседі.

4 минут ( әр топқа 2 минуттан ) Ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс істеу.Жауапкершілікті сезіну.
Бағалау. Топ жұмысын бірлесіп смайлик қағаздары арқылы бағалау.
IV. тапсырма «Бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесі »туралы «Power point »арқылы қысқаша мәлімет беру. қысқаша нұсқаулықтағы мәліметпен танысады.
V. Қорытындылау
( 10 мин)
«Тілек музыкамен » бейнетаспаны көрсету
Топ жұмысын бағалау.
Берілген бейнетаспаны көру.Қол шапалақтау арқылы бір-біріне қолдау көрсету,бағалау
VІ. Рефлексия
( 4мин ) Коучинг сессиясы туралы ойлары мен ұсыныстарын стикерлерге жазуды тапсырады. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазып қалдырады.
Категория: Педагогика | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: пен, сабақ, коуч, мұғалімдердің, бойынша, іс-әрекеті, коучинг
Просмотров: 2388 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar