Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Қазақ тілі

Сәбит Мұқановтың "Лашын" әңгімесі
[ Скачать с сервера (35.9 Kb) ] 12.03.2016, 08:21
Күні:13.02.2014
Пәні: Әдебиет
Сыныбы: 5 "Г"
Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов Лашын әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру, Лашын әңгімесінің мазмұнымен таныстыра отырып, халқымыздың ұлттық саятшылық өнерімен және аң аулау дәстүрінің қалыптасуы туралы мағлұмат беру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру және шығармашылық ізденісін қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды табиғат тамашасын тануға, оны қастерлеуге тәрбиелеу. Саятшы құс - лашынның қасиетін ұғындыру. Оқушыларды қайырымдыққа, адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, СТО стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: жазушы портреті, лашын құс туралы видеоролик, үлестірмелі материялдар, плакат, маркерлер, ноутбук.
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
а) топқа бөлу, топтың спикерін сайлау
ә)" Өзіңізге тілегенді өзгелерге де тілеңіз" стратегиясы бойынша сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу .
2.Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылар" Неліктен?" әдісі бойынша бір - біріне сұрақ қоя отырып , М. Әуезовтің Ақын қонақтар әңгімесін мазмұндайды.
3.Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі - Балалар бүгінгі сабағымызды Ұлы Абай атамыздың мына өлеңімен бастағым келіп отыр
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Тастан түлкі табылар аңдығанға
Жақсы ат пен тату жолдас - бір ғанибет
Ыңғайлы ықшам киген аңшы адамға.
- Біздер бүгінгі сабағымызды Абай атамыздың өлеңімен тектен - текке бастап отырған жоқпыз. Бүгінгі сабағымыз саятшылық пен аңшылыққа байланысты. Сабағымыздың тақырыбы Сәбит Мұқановтың Өмір мектебі романынан алынған үзінді Лашын әңгімесі.
-Алдымен Сәбит Мұқановтың өмір жолы мен шығармашылығы жайлы айтып өтсек.
1.XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінін бірі - академик жазушы Сәбит Мұқанов (1900-1973жж) қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келеді. Қазір бұл ауыл Сәбит Мұкановтың есімімен аталады.
Жеті жасқа келгенде әкесі, бір жылдан соң шешесі қайтыс болып, жетімдіктің зардабын шегеді. Жастайынан ауыл байларының малын бағып, жалшылықта жүреді. Сегіз жасында ауылдағы молдадан оқып, сауатын ашады. Табиғатынан зерек Сәбит хат танығаннан-ақ әр түрлі кітаптарды оқуға талпынады. Түрлі қисса, дастандарды оқиды. Абайдың, татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың шығармаларымен танысады. Көп дастандарды жатқа айтатын болады. Бірте-бірте әдебиетке, өлеңге қызығушылығы оянады. Он екі жасынан бастап өлең шығаруға талаптанады. Ойын-тойда айтысқа түсіп, өлең шығарып, "Өлеңші бала" атанады.

Хронологиялық кесте
№ Жылдар Білім алған жері мен оқу орындары
1 1919 жыл Омбыдағы мұғалімдер курсын бітірген.
2 1926 жыл Орынбордағы рабфаты бітірген.
3 1928 жыл Ленинград университетін бітірген.
4 1935 жыл Қызыл профессура институтын бітірген.

1917 жылы жазылған "Көңілім", 1918 жылғы "Зарығу", "Жоқшылыққа" деп аталатын өлеңдері жарық көреді. Сәбит Мұқановтың қазақ әдебиетінің алтын қорына қосқан талантты шығармаларының бірі — "Сұлушаш" поэмасы. Оны өлеңмен жазылған роман деп те атайды.
2.Джик со стратегиясы
4 топқа шығарма мәтіні бөліп таратылады. Әр топ берілген мәтінді мұқият оқып шығады. Мәтінді оқып болған соң топтағы оқушылар 1, 2, 3, 4 деп санап және де 4 топқа бөлінеді. Сол топта 4 түрлі мәтін оқыған оқушылар бірге шығарманың тұтас мәтінімен таныс болады. Содан соң топтағы оқушыларға өз тобына қайта оралуы сұралады. Топтағы 4 оқушы өз тобына қайта оралып мәтінді толық түрде әңгімелейді.
3.Түсіндірме сөздікпен жұмыс
Қадім –араб оқуы мен жазуы.
Лашын – жартқыш құстар тұқымдасына жататын саят құс.
Түлек – құстың түлеуіне байланысты жас мөлшері.
Саят – құс салып, аң аулаушылық.
Қазақ халқының тағы бір ғажайып өнерінің бірі – осы саятшылық, яғни құс алу арқылы аңшылық құру. Бұл өнер тіршілік қамы ғана емес, көңіл көтеру, бойға күш алу, қызықтау әрі спорт ретінде қазақ даласында тым ерте дамыған. Саятшылық негізінде аңды құс салу арқылы аулайды. Саят құстарына бүркіт, сұңқар, қаршыға, тұйғын, ителгі, лашын сияқты алғыр құстар жатады.
4.Дәптермен жұмыс

Лашын - (лат. Falco peregrinus) – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).
Мекендейтін жерлері: Қазақстанда Іле алабының төменгі ағысында, Ертіс – Есіл өзендері алабында, Алакөл, Қызылтұз, Зайсан көлдері маңындағы адырларда, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларының бөктерлерінде.
Сыртқы түрі: Қанаты ұзын, үшкір, үстіңгі беті сұр, астыңғы жағы ақшылдау келген, көлденең қара жолақты. Көзінің астында ұзынша қос қара «мұртшасы» (қауырсыны) болады. Денесінің ұзындығы 40–50 см, қанаттары жайылғанда 90–110 см. Аяқтары қысқа, тырнақтары майысқан, өткір. Сағатына 300 км жылдамдықпен ұшады. Лашын жартас, құздағы қолайлы қуысқа, қияда өскен ағаш басына ұя салады.
Негізгі қорегі: торғай, қарға, кептер, шіл, кекілік, үйрек, т.б.
5.Лашын туралы видеоролик көрсетіледі.
4. Сабақты бекіту
1.Әр топқа жеке - жеке тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды оқушылар конверт арқылы таңдайды.
* 5 - минуттық эссе
* Шығармадан алған әсерін сурет арқылы жеткізу
* Кейіпкерге мінездеме
* 5 - жолды өлең
2."Сұрақ қоя білейік, жауап беріп көрейік "әдісі бойынша, әр топтағы оқушылар бір - біріне өтілген тақырыпқа байланысты сұрақ қояды.
5.Сабақты қорытындылау
1.Мұғалім алдын ала дайындап келген сұрақтарын оқушыларға қояды.
1.Лашын қандай құс?
2.Саятшылық деген не?
3.Лашынға алдырмайтын құс қайсы? Ол неліктен қиындық туғызады?
4.Лашынның оңай алатын құсы қайсы?
5. Ахметке тән қасиет?
6.Құстың ауға шығар мезгілі қайсы?
2.Оқушылар "Екі түрлі түсініктеме күнделігін" толтырады. Топта талқыланып ең жақсы жазылған жұмыс оқылады.
6.Бағалау.
Өзара бағалау. Топты бағалау. Формативті бағалау.
7.Үйге тапсырма
Лашын әңгімесін мазмұндау.
Категория: Қазақ тілі | Добавил: gulbanu86kz86 | Теги: Сәбит, әңгімесі, Мұқановтың, Лашын
Просмотров: 2090 | Загрузок: 460 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar