Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Қазақ тілі

Ортақ етіс тақырыбына тест
[ Скачать с сервера (17.4 Kb) ] 03.02.2015, 00:00

Күні:  23.01.13
Сыныбы:  6 «ә»
Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы:  Ортақ етіс
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Ортақ етіс туралы түсінік беру.
ә) дамытушылық: оқушылардың жүйелі ойлауларын жетілдіру, ауызекі сөйлеу тілінің дамуына ықпал жасау, сауатты жазуын қадағалау.
б)тәрбиелік: жүйелі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Көрнекілігі: Сызба
 Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу
ә) түгендеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Етіс дегеніміз не?
Ырықсыз етіс қалай жасалады? Мысал келтір.
Ырықсыз етістің жұрнақтарын ата.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тақырыпты ойын арқылы ашу.
Сонымен оқушылар бүгінгі тақырыбымыз ортақ етіс туралы болмақ. Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ етіс деп аталады. Мысалы, Омар мен Оспан хат жаз-ыс-ты.
247-жаттығу. Берілген етістіктерге жұрнақ жалғап, ортақ етіс жасаңдар. Түбір мен қосымшаның арасын дефис арқылы ажыратып жазыңыздар.
Үлгі: айт-ыс-ты. ...
Ал-ыс-ты.Тас-ыс-ты.Тік-тіг-іс-ті. Бақ-бағ-ыс-ты. Тазала-с-ты. Жу-ыс-ты. Қой-ыс-ты. Жөнде-с-ті. Апар-ыс-ты. Тоқы-с-ты.Тер-іс-ті. Жаз-ыс-ты. Жина-с-ты. Тара-с-ты. Сал-ыс-ты. Бітір-іс-ті. Тұрғыз-ыс-ты. Сөйле-с-ті.Іл-іс-ті. Ақта-с-ты. Көтер-іс-ті. Шегеле-с-ті.
248-жаттығу. Сөйлемдерден ортақ етісті тауып, қалай жасалып тұрғанын байқандар. Оларға тұлғалық талдау жасаңдар.
Үлгі: Ортақ етіс – дуылдасып. Түбірі – дуыл, -да –етістік тудырушы жұрнақ, -с – ортақ етіс жасайтын жұрнақ, -ып – көсемшенің жұрнағы.
Ел ішін Еламанның дақпырты алып барады. Оның келе жатқан хабарына қуанып, дуылдасып жатыр. Тәңірберген ағасымен оңаша сөйлескісі кеп отырған-ды.
(Ә.Нұрпейісов)
Мектепте бірге оқыған, студент тұрмысының ащы-тұщысын бірге татысқан жолдастар шетінен ыстық көрінеді. Соларды бір көрсем, сырласып, шер тарқатсам деп аңсайсың... Аспанда мың сан жұлдыздар жымыңдасып, гауһар тастай жалт-жұлт етеді. Мадияр мен Бұғыбай шықты. Балзия қақпаның алдында бір қызбен сылқылдасып күлісіп, мәз болып тұр екен. Екеуі шүңкілдесіп, ретін тауып тілдесіп қалайық деген оймен қыздардың қасына барды.
(С.Омаров)
Тапсырма. Ортақ етістерден сөйлем құраңдар.
Жазысты, жинасты, айтысты, сөйлесті, жуысты.
Тест
1.Ортақ етістің жұрнақтары.
а) –ыс, іс, -с                          ә) –ыл, -іл, -л      
б) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз         в) –ын, -ін, -н
2. Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі  ... деп аталады.
А) өздік етіс        ә) дара етістік         б) етіс        в) болымды етістік
3.Төмендегі сөйлемнен ортақ етісті тап.
Наурызда Айгүл мен Асан көпшілік алдында айтысты.
А) көпшілік     ә) наурызда    б)алдында    в) айтысты.
IV. Жаңа білімді бекіту.
 
Сөйлемдер    Өздік етіс    Өзгелік етіс    Ырықсыз етіс    Ортақ етіс       
Түніменен түйіндік, 
Таң атқанша тарандық.
(Махамбет)                       
Сабадан қымыз құйдырып,
Алдарына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек,
Әзілдесіп сылқылдап...
(Абай)                       
Алқымы күшті асаулар,
Ноқтаға басы керілді.
Өз малым деп жүрген мал.
Иесіне берілді.
(Абай)                       
Достар ол күні Ертіс бойына барды, қаланы аралады, кешке жақын қош айтысты.
(Оралхан Бөкей)                     
V. Үйге тапсырма.
Өткенді қайталау. Ортақ етіске көркем әдебиетттен үш мысал жазып келу.
VІ. Бағалау.
Үй тапсырмасын айтуы мен сабаққа қатысуы бойынша бағалау. 

Пән мұғалімі:
Әдіскер:
Баға:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тест
1.Ортақ етістің жұрнақтары.
а) –ыс, іс, -с                          ә) –ыл, -іл, -л      
б) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз         в) –ын, -ін, -н
2. Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі  ... деп аталады.
А) өздік етіс        ә) дара етістік         б) етіс        в) болымды етістік
3.Төмендегі сөйлемнен ортақ етісті тап.
Наурызда Айгүл мен Асан көпшілік алдында айтысты.
А) көпшілік     ә) наурызда    б)алдында    в) айтысты.

Тест
1.Ортақ етістің жұрнақтары.
а) –ыс, іс, -с                          ә) –ыл, -іл, -л      
б) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз         в) –ын, -ін, -н
2. Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі  ... деп аталады.
А) өздік етіс        ә) дара етістік         б) етіс        в) болымды етістік
3.Төмендегі сөйлемнен ортақ етісті тап.
Наурызда Айгүл мен Асан көпшілік алдында айтысты.
А) көпшілік     ә) наурызда    б)алдында    в) айтысты.

Тест
1.Ортақ етістің жұрнақтары.
а) –ыс, іс, -с                          ә) –ыл, -іл, -л      
б) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз         в) –ын, -ін, -н
2. Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі  ... деп аталады.
А) өздік етіс        ә) дара етістік         б) етіс        в) болымды етістік
3.Төмендегі сөйлемнен ортақ етісті тап.
Наурызда Айгүл мен Асан көпшілік алдында айтысты.
А) көпшілік     ә) наурызда    б)алдында    в) айтысты.

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Манар | Теги: Етіс, ортақ
Просмотров: 3484 | Загрузок: 541 | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar