Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Қазақ тілі

Азық-түлік дүкенінде
[ Скачать с сервера (918.8 Kb) ] 11.03.2015, 08:40

Азық-түлік дүкені, 2-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Сабактың такырыбы: Азық-түлік дүкені
Сабактың максаты:
1. Бiлiмдiк: Оқушыларға өз ойларын айта алуға жетелеу, сөздік қорларының сапасына мән беру.
2. Дамытушылық: Қойылған сұраққа және сурет бойынша сұраққа жүйелі жауап беруді дағдыландыру.
З. Тәрбиелiк: Оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу. Ұжымда еңбек ету, бір-біріне деген достық ықыыластарын ояту.
Сабактың түрi: жаңа сабақ.
Сабақта қолданылатын әдiс-тәсiлдерi: сұрақ-жауап, түсiндiру.
Сабақта қолданылатын көрнекiлiктер: суреттер, интербелсенді тақта
Сабактың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу
- Бүгін сыныпта кезекші кім?
- Сыныпта кім жоқ?
Тіл дамыту кезеңі:
Қазір қай сабақ?
Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлейміз?
Аптаның қай күні?
II. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасы аукцион ойыны арқылы тексеріледі.
- Бүгін біздің сабағымыз ерекшелеу болады. Ал қазір аукционда отырмыз деп есептейік. Аукцион деген не екенін түсіндіру. Аукцион – бірнәрсені сатып алу, кімде–кім ең жоғары бағаны ұсынса, сол сатып алушы болады. Үй тапсырмасын қалай орындағандарыңды тексеру үшін кіші–гірім аукцион өткізіп көрейік.
1. Алма сатылады. Бұл алма толық және дұрыс жауап берген оқушыға бұйырады. Сұрақ: Ойыншықтар қандай дүкенде сатылады?
2. Қалам сатылады. Сұрақ: Біздің қаламызда қандай дүкендер бар?
3. Дәптер сатылады. Сұрақ: Киім дүкенінде нелер сатылады?
4. Ашықхат сатылады. Сұрақ: Кітап дүкенінде нелер сатылады?
5. Өшіргіш сатылады. Сұрақ: Картоп, орамжапырақ, сәбіз , қызанақ, қызылша қандай дүкенде сатылады?
Біздің аукцион аяқталды. Ал енді жаңа сабаққа көшейік. Біз қандай дүкен жайлы айтуды ұмытып кеттік? Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

Жаңа сабақ.

Сөздік.
нан-хлеб ірімшік-сыр шұжық-колбаса тұз-соль
айран-кефир сүт-молоко жұмыртқа-яйцо шай-чай
май-масло қант-сахар ет-мясо
Сөз тізбегі Сөз тіркесі тізбегі Сөйлем тізбегі

Тыңдалым. (үнтаспа)
Азық-түлік адам үшін өте қажет. Біз күніне үш рет тамақтанамыз: таңертең, түсте, кешке. Азық-түлікке - сүт тағамдары, ет тағамдары, жемістер және көкөністер жатады. Азық-түлікті біз дүкеннен, базардан аламыз.

Сөйлемдерді оқы. Олардың дұрыс, бұрыс екенін анықта.

Сөйлемдер Дұрыс Бұрыс
1. Азық-түлік адам үшін өте қажет.
2. Біз күніне екі рет тамақтанамыз: таңертең, кешке.
3. Азық-түлікке – оқу құралдары, ойыншықтар жатады.
4. Азық-түлікті біз дүкеннен, базардан аламыз.

Оқылым.
“Азық- түлік дүкенінде”
Мынау азық- түлік дүкені. Дүкен орталықта орналасқан. Дүкенде нан, сүт, қант, жұмыртқа, ірімшік, айран бар. Дүкенге Қанат пен Марат келді. Қанат нан мен шай сатып алды. Марат айран сатып алды. Дүкеннің іші жарық және таза.

1. Мәтінді оқу. 2. Сұрақтарға жауап беру

Сергіту сәті.

Жазылым.
«Дүкен» сөзін тәуелде, дыбыстық талдау жаса.

Тілдесім. «Азық-түлік дүкені» атты тақырыпқа қысқаша көрініс жасау.
Кейіпкерлер: сатушы, сатыпалушы.

Айтылым.
«Сиқырлы қоржын» ойыны.
Шарты: Қоржынның ішінде сұрақтар жасырылған. Дұрыс жауап берген балаларға «смайлик» беріледі.
1. Азық- түліктерді ата?
2. Реттік сан есімдер жұрнақтарын жалға: 1, 2, 3, 4, 5?
3. Көптік жалғауларды ата?
4. Сұрақ қой: екі дәптер, 1 кг. алма?
5. Буын түрлерін ата?
6. Көктем айларын ата.
7. Қандай көкөністерді білесің?
8. Қандай жемістерді білесің?
9. Сөмке не үшін керек?
10. Дүкен, алмұрт, сәбіз сөздерін аудар.
11. Көптік жалғауларын жалға: сынып, сүт, оқушы, үй.
12. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
13. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Суретпен жұмыс.
Тапсырмалар:
Суретте не бейнеленген?
Осы суреттегі түстерді атаңдар.
Сөйлемдер құру.
Сөйлемдерді жүйелеп, мәтін құрастырып, ат қою.

IV. Сабақты бекіту. Топтастыру стратегиясы бойынша азық-түлік атауларын атау.

V. Үйге тапсырма: Азық–түлік туралы 3 мақал–мәтел жазып, жаттау. Жаңа сөздерді жаттау.

Категория: Қазақ тілі | Добавил: malika | Теги: азық-түлік, дүкенінде
Просмотров: 1473 | Загрузок: 346 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar