Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Қазақ тілі

Аралас құрмалас сөйлем. 8-сынып
[ Скачать с сервера (38.0 Kb) ] 26.01.2015, 13:51
Сынып: 8
Күні Пәні:қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Аралас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары туралы теориялық мәлімет беру.
2. Дамытушылық. Аралас құрмаласты өзге құрмалас түрлерінен ажырату дағдысын қалыптастыру, сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын жүйелі, нақты жеткізе білуге дағдыландыру, топқа арнайы берілген тапсырмалар арқылы топпен жұмыс істеуге үйрету
3. Тәрбиелік. Құрмалас сөйлемге әр түрлі мысалдар келтіру арқылы өз ана тілінің шексіз бай екендігіне көз жеткізіп, ана тілін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі қағаздар, сурет
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: тіл білімі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру
ә) кезекшімен сұхбат
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
1) Салалас, сабақтас құрмаластан өткенді қайталау.
2) 150-жаттығу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрі аралас құрмалас сөйлем болатыны түсіндіру. Аралас құрмалас сөйлем кем дегенде, үш жай сөйлемнен құралады.
Мысалы: Кеген ауданына келгенше, мен де аңшы емес едім, мұнда келген соң, еріксіз үйрендім.
|бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы|.
Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.
| бағыныңқы, басыңқы, басыңқы |

- 151- жаттығу.
Мақсаты.
□ Мәтіннен құрамында кемінде екіден артық жай сөйлемдері бар құрмалас сөйлемдерді табу. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас пен аралас құрмалсты бір-бірінен ажырату.
○ Тыныс белгілерінің қойылу себептерін түсіндіру.
◊ Аралас құрмалас сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау және құрамындағы бағыныңқы жай сөйлемдерінің орналасуын анықтап, сызбасын салу.
* Мәтіннен алған әсерлеріңді ой-толғау ретінде жазу.

- Үлестірмелі қағаздар.
Мақсаты. Сөйлемнің құрмаластың қай түріне жататынын анықтау.
IV. Бекіту.
Сабақ барысында оқушылар екі топқа бөлініп, сұрақтарға жауап беру және тапсырмаларды орындау арқылы жұлдызшы жинауға тиіс. Көп жұлдызша жинаған топ екінші топқа сұрақ қояды.
- Аралас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Суретке қарап аралас құрмалас сөйлем құрастыр.
V. Үй тапсырмасы.
- Аралас құрмалас сөйлем
- 152- жаттығу.
VI. Бағалау.

[color=blue]
Категория: Қазақ тілі | Добавил: ССА | Теги: 8-сынып, құрмалас, Аралас, сөйлем.
Просмотров: 3282 | Загрузок: 475 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar