Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Информатика

«Үздік информатик»
[ Скачать с сервера (6.7 Kb) ] 18.03.2015, 21:41

Информатика пәні мұғалімі:

Ташходжаев СА

Сайыс тақырыбы: «Үздік информатик»

Сайыс мақсаты:

Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту.

Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Итнерактивті тақта, компьютер, презентация, плакат, маркер

Сайыс кезеңдері:

  1. Таныстыру
  2. «Кім тапқыр?»
  3. «Суреттегі сөздер»
  4. «Мықты болсаң…»
  5. «Өнерпаз болсаң»
  6. Қорытынды

Жүргізуші:

-          Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Үздік информатик» сайысына қош келдіңіздер!

-          Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.

Бас иіп топ алдында шығатын

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Білімдерін паш етер сайыскерлер

Сәті келіп қалғандай танысатын, – дегендей сайысымыздың 1-ші кезеңі «Таныстыру» бастайық! Сөз кезегін «Windows» және «Вирус» топтарына береміз. (Әр топ өз тобының атын, ұранын, топ басшысын, мүшелерін таныстырады)

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр

Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен – дей отыра келесі кезеңді бастайық.

2-ші кезеңі «Кім тапқыр?»

Мұнда әр ойыншы бір-бірден әріп таңдап алады, сұрақ қойылғанда сол әріптен басталатын жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

1 топқа сұрақтар:

1. Интернет не үшін керек?

2. Компьютердің бағасы қанша?

3. Компьютер не үшін қажет?

4. Ноутбук сатып алғың келе ме?

2 топқа сұрақтар

1. Компьютер алдында қалай отыру керек?

2. Принтердің бояуы бітсе не істейсің?

3. Интерактивті тақтада жұмыс істей аласың ба?

4. Вирусты қалай жояды?

5. Интернеттен не іздейсің?

6. Агентте кімге хат жазасың?

3-ші кезеңі «Суреттегі сөздер»

 Бұл кезеңде интерактивті тақтада слайд-шоумен көрсетілген суреттерді топ басшысы өз тобының мүшелеріне жасырып айтады. Топ мүшелері экранға қарамай тұруы тиіс. Әр сурет 5 секунд ғана тұрады, сосын келесі суретке ауысады. Сол уақытта топ басшысы түсіндіріп үлгеруі тиіс.

Категория: Информатика | Добавил: Yulduz | Теги: «Үздік информатик»
Просмотров: 982 | Загрузок: 306 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar