Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Информатика

ТУРБО ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ
[ Скачать с сервера (34.8 Kb) ] 18.03.2015, 21:37

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

1

  ЕСЕПТІ ШЕШУДЕГІ ҚОЛДАНЫЛҒАН ПРОГРАММАЛАУ  

 ОРТАСЫ. ТУРБО ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ.

1

 

1.

Компьютерді Турбо Паскальда жұмыс істеуге даярлау

1

 

2.

Паскаль  тілінің   негізгі    элементтері

2

 

3.

Бағыттаушы    қызметші  сөздер

2

 

4.

Сипаттаушы   қызметші   сөздер

3

 

5.

Стандартты   функциялар

3

 

6.

Паскаль   тілінде   программалау. Программа   құрылымы. Қарапайым  программ

4

 

7.

Берілгендерді   сипаттау

5

 

8.

Сызықтық  алгоритм

5

 

9.

Шартты Оператор.  Жай Шарт.

8

 

10.

Құрама   оператор

10

 

11.

Құрама   шарттар

11

 ҚОРЫТЫНДЫ

12

 ҚОСЫМША

12

 

КІРІСПЕ

Паскаль  тілін  1973  жылы   швейцар  математигі  Никлаус  Вирт  жасап   шығарады  да,  атақты   француз  математигі,  физигі, философы  және  алғашқы  есептеу   машинасы - арифмометрді /1641/  жасаған Блез  Паскальдің   құрметіне  "Паскаль"  деп  ат  қойды.

Паскаль тілі  оқып   үйренуге   жеңіл, түрлі  салалық   информациямен   жұмыс  істеуде  нәтижелі   болғандықтан,  дүние  жүзінде  көп  тараған   тілдердің  бірі  болып  табылады.

Паскаль  тілі:

·  алгоритм  құрылымын  сақтап  құрылған;

· жоғары  деңгейлі   программалау  тілдерінің    жақсы  қасиеттерін   жинақтаған;

· қазіргі    замандағы   көптеген     программалау     тілдерінің    негізі   болып  саналады;

    Сондықтан   бұл   тілдің   нақты  ЭВМ - нің    мүмкіндігіне    байланысты   бірнеше   түрлері  бар.

            Курстық жұмысымның тақырыбы Крамер әдісімен теңдеулер шешуге программа құру.

           

 

 ЕСЕПТІ ШЕШУДЕГІ ҚОЛДАНЫЛҒАН ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ. ТУРБО ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ.

1. Компьютерді Турбо Паскальда жұмыс істеуге даярлау

 

Турбо Паскальда жұмыс істеге дайындау жолы:

WINDOWS-тан проводникке шығу үшін:

(Пуск)®Программы®проводник орындаймыз.

Егер компьютерде Borland Pascal 7.0 қондырылған болса, онда  С:\   дискісінде BP каталогында BIN каталогын ашамыз, курсорды bp.exe атауына әкеліп, Enter басу. Borland Pascal 7.0 версиясына шығамыз.

Паскальда жұмыс жасау:

  • Жаңа документ ашу керек болса, онда file мәзірінен new пунктін таңдау;
  • Егер бұрынғы документте өзгеріс енгізу керек болса file мәзірінен open пунктін таңдап, керекті файлды ашамыз;
  • Терілген программаның дұрыстығын тексеру үшін; Alt +F9  пернелер  комбинациясын  басамыз,   егер   программада  қате  болса,  курсор  жіберілген   жерді  көрсетіп   тұрады,   қатені  түзетеміз. Қате  толық   түзетілгенде   ғана    компиляциядан   өтеді;
  • Программаны  сақтап  қою   үшін  File   мәзірінен  SAVE  пунктін   таңдау,  файлдың  атын   жазу;
  • Программаны    орындауға(компиляция)  жіберу Ctrl + F9
  • Нәтижені    экранға   шығару Alt + F5;
  • Файлды    дискетаға   жазып  алу, SAVE   пуктін   таңдап,  келесі   команданы  тереміз: А:\  файлдың  атын  жазу;
  • Дискетаны    ашу   келесі   орындалады, OPEN   пунктін  таңдап,  келесі   команданы   тереміз: А:\   файлдың  атын  жазу. Enter  пернесін   басамыз. Сонда   дискет  іші   ашылады. Еректі   файлды  таңдап   Enter    пернесін басу   керек;

 

 

Категория: Информатика | Добавил: Yulduz | Теги: Паскаль, турбо, Программалау, тілі
Просмотров: 1373 | Загрузок: 334 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar