Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Информатика |
Паскаль - программалау тілі
[ Скачать с сервера (33.9 Kb) ] | 04.02.2015, 12:00 |
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кепебұлақ ауылы Бөдеті орта мектебінің нформатика пәні мұғалімі Нурмалинова Алтынай Сабақ жоспары Пәні: Информатика Сыныбы__7__ Сабақтың тақырыбы: Паскаль - программалау тілі Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға паскаль - программалау тілі жайлы толық мағлұмат бере отырып, функционалдық сауаттылықтарын, білімдерін жетілдіру 2) Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу 3) Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, ізденіс Сабақтың көрнекілігі: оқулық, компьютер, электрондық оқулық Сабақтың құрылымы: I. Ұйымдастыру кезеңі II. Білімді тексеру кезеңі III. Мақсат қою кезеңі IV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі V.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі VI.Бекіту, бағалау кезеңі VII.Үйге тапсырма беру Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі - оқушылармен амандасып, түгендеу - оқушылар назарын сабаққа аудару II.Білімді тексеру кезеңі «Жеміс – жидек жинау» ойыны арқылы - информатика дегеніміз не? - ақпарат алу көздерін ата? - Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері : III. Мақсат қою кезеңі - паскаль - программалау тілі жайлы толық мағлұмат бере отырып, білімдерін жетілдіру IV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі Паскаль тілін 1970 жылы швейцариялық ғалым Н.Вирт ойлап тауып, оны атақты математик, физик және философ Блезь Паскаль-дың(1623-1662) құрметіне соның атымен атады. Б.Паскаль тарихта алғашқы механикалық есептеу машинасын(1642 ж.) жасауымен де белгілі. Паскальда программа толық талданады және ол компьютерде өңдеудің үш кезеңінен өтеді: трансляцияланады(программа машина тіліне аударылады), компоновкаланады (алынған программаға стандартты функциялар мен процедуралар жалғанады) және программа тікелей орындалады. Біз қарастырып отырған Турбо-Паскальда жұмыста қолайлы болуы ескеріліп, осы үш кезең жұмысы программалаушыдан жасырылған. Паскаль барынша мәдени тілге жатады: мұнда программада пайдаланылатын айнымалылар алдынала сипатталады, олардың мәні көрсетілген типте ғана бола алады және т.с.с. Біз осы кітапта Паскальдың Борланд фирмасы дайындаған Турбо-Паскальдың 7.0 версиясын қарастырамыз. Алайда 1-тарауда келтірілген мәліметтер Паскальдың кезкелген диалектісі үшін жарамды. 3-тарау мәліметтері негізінен Турбо-Паскальдың 7.0 версиясына бейімделген ерекшеліктеріне арналған. Паскальді оқып-үйрену жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүниежүзіне кең таралған тілдердің бірі. Оның ыңғайлылығы: - тіл алгоритмі құрылымын сақтауға негізделген. Мұнда программаны бірте-бірте дамыту арқылы жеке блоктар түрінде құруға болады. Ол программалау тәсілін үйрену үшін қажет: - тілге дамытылған мәліметтер типтері енгізілген. Олар өңделетін мәліметтер элементтерін толық сәйкестендіріп сипаттауға және жаңа мәліметтер типтерін енгізуге мүмкіндік береді. - Мұнда кішігірім жеңіл программалармен бірге күрделі құрылымды программаларды құруға да болады. - Тіл синтаксисі жеңілдетілген, нұсқаулардың саны мүмкіндігінше азайтылған, т.б Паскаль тілінде құрылған программаны мєшеинелік кіріспе тілге аудару үшін компилятор пайдаланылады. Турбо Паскальда программалау тәсілдері баяндалып, жиі кездесетін түйінді сөздер мен стандартты атаулар арқылы информацияны өңдеу программалары құрылған. V.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі VI.Бекіту, бағалау кезеңі 1. Паскаль программасы дегеніміз не? 2. Паскаль программалау тілін кім ойлап тапты? 3. Турбо Паскаль мен Паскаль тілінің айырмашылығы бар ма? 4. Борланд дегеніміз не? VII.Үйге тапсырма беру Қосымша іздену: Паскаль - программалау тілі туралы | |
Просмотров: 1293 | Загрузок: 400 | |
Всего комментариев: 0 | |