Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Информатика

Компьютерлік анимацияда қабаттар ролі. Бірнеше қабаттардан тұратын нысандардың орнын ауыстыру. 10 сынып
[ Скачать с сервера (67.5 Kb) ] 04.04.2015, 15:11
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік анимацияда қабаттар ролі. Бірнеше қабаттардан тұратын нысандардың орнын ауыстыру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Анимация құрудағы қабат қатпарлары, онымен жасалатын іс - әрекеттер және бірнеше қабаттардан тұратын объектілердің орнын ауыстыру туралы мағлумат беру
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, икемділікке және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу
Дамытушылығы: Тәжірибелік тапсырмаларды орындату арқылы іскерлік дағдыларын дамыту, пәнге болған қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: Жаңа материалды түсіндіру
Сабақтың тәсілі: практикалық элементтері бар көрсету, түсіндіру сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, тапсырмалар, тест сұрақтары, призентация
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқшылармен сәлемдесу, толықтыру, кітап дәптерлерін ретке келтіру және назарын сабаққа аудару
IІ. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Флеш программасында фильм құруда қабаттың атқаратын рөлі орасан зор. Қабат ( Слой, Layer ) – бұл кейбір өзіндік сипаттар орнатылған фильм сахнанның бір бөлігі. Әр қабат әртүрлі нысандарды ұсына алады.
Қабатта қолданылатын іс - әрекеттер, бұл фильмге әр түрлі нысандар орната отырып, қосындылармен жұмыс істеуге рұқсат береді, және жоспарда күрделі көпжоспарлы фильм сахналарын жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, қабаттың бірінде фильм оқиғасына байланысты фон орнатылса, екіншісінде нысандардың қозғалысы орнатылады, ал үшіншісінде дыбыстық ілесулер қосыла алады.
Қарапайым режімде қабат қатпары мөлдір болатындықтан, барлық қабаттың нысандары біртұтас бір сахнаның элементтеріндей болып көрінеді.
Қабаттың кадрлары қатар–қатар салынған,бір–бірімен қабаттасқан кинолента түрінде болады. Әр жаңа құрылған фильмде әуел баста бір ғана қабат болады. Бірақ оны үлкейтуге және қабатта әртүрлі нысандар қойып, дыбыстық эффекті-лер салуға мүмкіндік бар. Сондай – ақ бір қабаттағы нысанды басқа қабаттағы нысанға тиіспей өзгертуге, редакторлауға болады.
Сондай–ақ қабатта нысандарды кез келген траектория бойынша жылжыту, нысандарды жасыру сияқты арнайы эффектілері бар. Одан басқа, сурет салуға рұқсат беретін және редакциялайтын немесе күрделі де қызықты эффект беретін ( слай маска ) арнаулы қызметтін ( guidelayers ) қабаттар өызмет етеді.
Сонымен қатар процедуралар мен элементтерді тез табуға рұқсат ететін түсініктемелері бар кадрлар үшін дыбыстық құжат үшін арнайы жеке қабат құру ұсынылады.
Программада Help–Lessons–Layers (Анықтама–Сабақтар – Қабаттар ) бұйрығы арқылы қабат туралы интерактивті мағлұмат ала аласыңдар.
Қабатты құру
Жаңа қабат дәл сол уақыттағы ерекшеленіп тұрған қабаттан жоғары орналаса-ды және автоматты түрде белсенді қабатқа айналады. Жаңа қабат құру үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз:
Timeline терезесінің төменгі жағында орналасқан AddLayer ( Қабатты қосу ) батырмасынан Insert – Layer ( Қою – Қабат ) бұйрығын орындаймыз.
Жұмыс барысында қажеттілігіне қарай қабатты жасырып немесе көрсете аламыз. Әр қабаттағы нысандар контур сызығының түсімен ерекшеленеді, сол түстер арқылы нысанның қай қабатқа тиесілі екенін білеміз.
Қабаттағы нысанды жасыру үшін Eye ( Көз ) бағанына шертеміз, қайтадан көрсету үшін де, Eye ( Көз ) бағанына шертеміз.
Қабатты құлыптау үшін құлып белгісіне, контурды ерекшклеу үшін контур белгісіне басамыз. Егер қабаттағы контур түсін өзгерткіміз келсе, керекті қабатқа тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіп, шыққан мәзірден Properties (Қасиет) бұйрығын таңдаймыз.Қабат қасиет терезесінен Outline Color – ға (Контур түрі ) шертіп, таңдаған түсімізді белгілейміз де ОК басамыз.
Қабаттың биіктігін өзгерту үшін, Қабаттың қасиет терезесін ашамыз да, LayerProperties ( Қабат қасиеті ) – LayerHeight ( Қабат биіктігі ) бұйрығы арқылы биіктік өлшемін орнатамыз, OK басамыз.
Қабаттардың орнын ауыстыру үшін қабатты тінтуірдің сол жақ батырма-сымен ұстап аламыз да, керекті орынға сүйреп апарамыз.
Нысандарды орнынан жылжыту, көшіру және жою
Қабаттағы нысандарды тінтіуірмен жылжыту арқылы немесе Қиып алу – Қою, Көшіріп алу – Қою арқылы орнынан қозғауға болады. Сондай – ақ, нысанды Flash программасы мен басқа қосымшаның алмасу буфері арқылы да қоюға болады.
Нысанда тасып қозғалту арқылы орнынан ауыстыру немесе көшірмесін жасау үшін:
1. Нысанды ерекшелеп аламыз
2. Бағыттаушы нысанның бетіне әкеліп ұстап аллып, басқа орынға апарамыз
3. Нысанды қозғалту барысында Snap модификаторын пайдаланып, нысанды басқа нысанмен тез теңестіріп қоя аламыз
Нысанды бағыттауыш перне арқылы жылжыту үшін:
1. Нысанды ерекшелейміз
2. Shift+бағыттауыш батырма арқылы қалаған бағытымызға сүйреп апарамыз
Нысанды нысан инспекторы ( Object inpector ) арқылы жылжыту үшін:
1. Нысанда ерекшелейміз
2. Нысан инспекторын ашамыз – Window мәзірі қатарынан Info бұйрығын таңдаймыз
3. Жоғары сол жақ бұрыштың мәнін береміз
Нысан қою (Вставка ) арқылы жылжыту
Бұл тәсіл нысанды бір қабатынан екінші қабатына қою немесе басқа жаңа құжатқа апару қолданылады. Ол үшін:
1. Нысанды ерекшелейміз
2. Edit мәзірінен – Cut немесе Edit – Copy бұйрығын таңдаймыз
3. Қажетті қабатына немесе жұмыс алаңының керекті жеріне Еdit – Paste бұйрығын таңдаймыз
Нысанның өзгертілген көшірмесін құру үшін:
1. Нысанды ерекшелейміз
2. Window ( Окно ) мәзірінен Panels ( панельдер ) – Transform ( Түрлендіру ) бұйрығын таңдаймыз
3. Нысанның жаңа Ауқымы ( Масштаб ) немесе бұрылыс үшін мән береміз
Нысанды жою үшін:
1. Нысанды ерекшелейміз
2. Пернетақтадан Delete немесе Backspace батырмасын басамыз
3. Edit ( Түзету ) мәзірінен Clear ( Тазалау )бұйрығын таңдаймыз
4. Edit ( Түзету ) мәзірінен Cut ( Қию ) бұйрығын таңдаймыз
Нысанды топтастыру үшін:
1. Нысанды ерекшелейміз
2. Modify ( Өзгету ) мәзіріен Group бұйрығын таңдаймыз
Нысандарды қайтадан топтастырудан шығару үшін:
1. Modify ( Өзгерту ) мәзірінен UnGroup бұйрығын таңдаймыз
Нысанды басқа нысанның алдыңғы жағына немесе артқы жағына орналастыру үшін Modify ( Өзгерту ) Arrange ( Сыйыстыру ) Bring to Front ( Алға шығару ) немесе Send to Back (Артқа шығару ) бұйрығын орындаймыз.
ІV. Оқушылардың сабақ бойынша алған түсінігін тексеру
1. Қабат ішіндегі қабатша дегеніміз не?
2. Жаңа қабатшаны қалай құрамыз?
3. Қабатшаның қандай маңызы бар?
4. Қабат туралы интерактивті мағлуматты қалай аламыз?
5. Қабаттағы нысанды жасыру, құлыптау үшін не істейсіз?
6. Қабаттың қасиет терезесі туралы не білесіңдер?
V. Сабақты бекіту
Тапсырма 1
Тақырыбы: «Қыдырып жүрген доп» траектория қозғалысымен анимациялық құжат құру
1. Macromedia Fiash MX жаңа құжат ашамыз
2. Екі қатар қабатын жасаймыз. Біріншісіне «доп», екіншісіне «фон» деген атау береміз.
3. Фон қабатына табиғат бейнесін келтіреміз
4. Доп қабатына доп бейнесін қоямыз
5. Екі қатар қабатының бірінші кадрын негізгі кадр етіп белгілеп, тінтуірдің оң жақ батырмасынан Create Motion Tween бұйрығын таңдаймыз да, отызыншы кадрды соңғы кадр етіп белгілеп, тінтуірдің оң жағын шертіп, Insert Frame бұйрығын таңдаймыз
6. Үстіңгң Доп қабатына тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіп, шыққан мәзірден Add Motion Guide бұйрығын аламыз. Сол кезде Guide қабаты пайда болады.
7. Guide қабатына қарындашпен доптың жүру жолын сызамыз.
8. Жұмысты тексереміз, сақтаймыз

Тапсырма 2
Тақырыбы: «Оқы, оқы және оқы!» мәтінді траектория қозғалысымен анимация-лық құжат құру
1. 1. Macromedia Fiash MX жаңа құжат ашамыз
2. Екі қатар қабатын жасаймыз. Біріншісіне фон, екіншісіне «Оқы, оқы және оқы!»
3. Фон қабатына кітаптардың суретін келтіреміз
4. Екінші қабатқа мәтін жазамыз: «Оқы, оқы және оқы!»
5. Барлық қатар қабатының бірінші кадрын негізгі кадр етіп белгілеп, тінтуірдің оң жақ батырмасынан Create Motion Tween бұйрығын таңдаймыз да, отызыншы кадрды соңғы кадр етіп белгілеп, тінтуірдің оң жағын шертіп, Insert Frame бұйрығын таңдаймыз
6. Үстіңгң «Оқы» қабатына тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіп, шыққан мәзірден Add Motion Guide бұйрығын аламыз. Сол кезде Guide қабаты пайда болады.
7. Guide қабатына қарындашпен мәтіннің жүру жолын сызамыз.
8. Жұмысты тексереміз, сақтаймыз
Тапсырма 3
Тақырыбы: «Машина мен кірпі» анимациялық құжатын құру
1. Жаңа құжат ашамыз
2. Құжатты сақтаймыз
3. Нысандарды дайындаймыз
4. Үш қатар қабатын құрамыз.
5. Бірінші қатарға фон ретінде нысанды қоямыз
6. Екінші қатарға машинаны орналастырамыз
7. Үшінші қатарға кірпіні орналастырамыз
Үш қатардың да бірінші кадрларын негізгі кадр етіп таңдаймыз да, тінтуірдің оң жақ батырмасынан Create Motion Tween бұйрығын таңдаймыз да, отызыншы кадрды соңғы кадр етіп белгілеп, тінтуірдің оң жағын шертіп, Insert Frame бұйрығын таңдаймыз
8. Фильмді Ctrl+Enter арқылы тексереміз, құжатты сақтаймыз
Сабақты нәтижелеу, білімін бағалау
VI. Үйге тапсырма Мазмұндау, бақылау сұрақтарына жауап жазу
Категория: Информатика | Добавил: Ибраимахуновна | Теги: тұратын, қабаттардан, Компьютерлік, ауыстыру., орнын, Бірнеше, ролі., анимацияда, нысандардың, қабаттар
Просмотров: 2164 | Загрузок: 653 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar