Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Информатика

Алгоритм атқарушы – « Шегіртке »
[ Скачать с сервера (1.44 Mb) ] 06.04.2015, 16:33
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм атқарушы – « Шегіртке » Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушыларға алгоритм атқарушы – « Шегіртке » туралы түсінік беру және қызметімен таныстыру Дамытушылық: Оқушыларды алгоритм атқарушы – «Шегірткенің » командалар жүйесі және алгоритмді құрастыруға үйрету. Тәрбиелік: Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру Оқыту тәсілі: жеке, топтық, ұжымдық Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын қадағалау. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Алгоритм атқарушылар – « Суқұйғыштың » командалар жүйесі бойынша сұрақтарға жауап алу барысында алған білімдерін еске түсіру, толықтыру ІІІ. Жаңа материалды меңгерту. ШЕГІРТКЕ сандық өсте тұрады. 0-дің оң жағында оң сандар сол жағында теріс сандар тұрады. Атқарушы ШЕГІРТКЕНІҢ командалар жүйесі: « алға 3 », « артқа 2 » Бастапқыда ШЕГІРТКЕ сандық өстің 0-торында тұрады, осы торды көк түспен боя. ІҮ. Сабақ бойынша алған білімін бекіту Тапсырмалар: 1. Алгоритмді орындап, ШЕГІРТКЕ басып өткен торларды қызыл түспен боя. 2. ШЕГІРТКЕНІ 0-тордан (-1) торға ауыстыр. Ол болған торларды қызыл түспен боя. ШЕГІРТКЕ қай торларда болды? 3. ШЕГІРТКЕНІ 0-ден 5-ке дейінгі аралықтан тыс шығармай, оның 1-, 2-, 3-, 4-,5-торлардың әрқайсысында бір-бір реттен болуын қамтамассыз ет. 4. ШЕГІРТКЕ 0-тордан бастап алға 3, артқа 2 командаларын атқарып, алгоритмді бастап, 2-тордан аяқтады. Осы тәсілмен ол алгоритмді 2 рет қайталады. Енді ШЕГІРТКЕНІҢ қайда орналасқанын анықта. 5. ШЕГІРТКЕНІ мына блок-сызба бойынша 0-тордан 7-торға ауыстыр. Шегіртке 5 қадам жасап , 7 – торға орналасты. Бірақ ол 8 – торға қайтып оралды да, содан кейін команданы тағы екі рет қайталап, 7 – торға тоқтады. Шегіртке 7 – торға жеткенде тоқтады Бір есепті шығара алатын бірнеше алгоритм құрастыруға болады. ІҮ. Бекіту 1. Не өттік? 2. Не үйрендік? Ү. Қорытындылау ҮІ. Үйге тапсырма: § Алгоритм атқарушы – « Шегіртке »
Категория: Информатика | Добавил: Ибраимахуновна
Просмотров: 1089 | Загрузок: 356 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar