Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Бастауыш сыныптарға |
Сыныптарда топтық жұмыстарды ұйымдастыру.
[ Скачать с сервера (15.6 Kb) ] | 23.02.2015, 09:04 |
Сагабаева Зауре Нурмашовна Бөдеті орта мектебі. Коучинг сессия Тақырыбы: Сыныптарда топтық жұмыстарды ұйымдастыру. Мақсаты: Сыныптарда топтық жұмыстарды ұйымдастыру туралы түсінік беру. Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер топқа бөлудің жолдарын, топтық жұмыстың ұтымдылығын түсінеді. Мұғалімдер оқушылардың ынтасын арттыру үшін топтық жұмыстың тиімді екендігін біледі. Мұғалімдер топтық жұмыста оқушылардың өз бетінше білім алуына жағдай туғызады. Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекттік бағдарламасын іске асыру міндеттері ұстаздар алдына қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім берудің тиімді жүйесін құруды көздейді. Сол себепті де қазіргі жаңа педагогикалық технологияларды барынша меңгеріп, шығармашылық қабілеті жоғары оқушыларды оқыту мен тәрбилеу ісін дұрыс жолға қоя білуіміз керек. Сондықтан сабақ өткенде өзіндік жұмыс формасын өзгерте отырып оқушылардың білім дәрежесін тексеру, жаттықтыру жолдарын іске асырған абзал. Өйткені, барлық оқушыларға берілген бірдей тапсырма бір оқушы тек жаттығу есебі болса, екінші біреу үшін ол белгісіз тапсырма болуы мүмкін. Ендеше олардың бір топтан екінші топқа орын ауыстыруына, үздіксіз алға ұмтылуына ықпал етіп отыру мұғалім шеберлігін талап етеді. 1 – топ. Дарынды оқушылар тобы. Топтағы оқушыларды әр деңгейлік оқытуда іс – әрекеттерді өз бетімен орындай алатындай дәрежеге және тез ойлай білуге бағытталады. Оқушылар теориялық материалдарға жалпылама талдау жасай отырып өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Физикалық фактілерді түсіндіріп, сараптама жасап, өз бетінше ғылыми жұмыстарды қолдана біледі. 2 – топ. Үздік оқушылар тобы. Олардың толық бағдарлама бойынша білімі бар. Барлық анықтаманы біледі. Негізгі әдістерді, ережелерді, есептер шығару алгоритмдерін қолдана алады. Дарындыларға ұқсас, тек айырмашылығы: өз бетінше жаңа тұжырым жасай алмайды. 3 – топ. Жақсы оқитын оқушылар тобы. Бұлардың бағдарламалық материал бойынша білімдері бар, бірақ үнемі дәлелдеп, қортындылап, өз мысалдарын келтіре бермейді. Курс материалындағы есептердің негізгі тәсілдерін біледі, алайда жаңа жағдаятта өз бетінше шығармашылықпен ізденуді қажет ететін есептерді мұғалім көмегінсіз шығара алмайды. 4 – топ. Орташа оқитын оқушылар тобы. Бұл топтағылардың үлгі бойынша және ұқсас жағдаятта қолдану үшін жеткілікті минимум білімі, дағдысы бар. Стандартты есептерді шығарып, оқулықтағы тесті айта алады, бірақ есептерді тиімді жолдармен шығара алмайды. Бұл оқушыларға материалдың негізгі бөлігі оқытудың міндетті деңгейіндегі меңгеруге тиісті тапсырмалар беріледі. Бұл топтау әдісінің екінші түрін оқытуда жаңа педагогикалық технологияны пайдаланған кезде олардың қабілеттеріне қарай топтап, дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде қолданған ыңғайлы. Жаңа инновациялық технология білім беру саласын дамытуды көздейді. Яғни топтық жүйеде оқыту технологиясы бойынша топқа бөлуді бірнеше әдістермен жүргізуге болады. 1. Оқушылардың білім деңгейлеріне қарай араластыра бөлу. Жақсы және өте жақсы оқитын оқушылар қалғандарына консультант – үйретуші бола алады. 2. Оқушылардың өз беттерімен ізденістерді туындайды, қосымша оқулықтармен немесе өз оқулықтармен жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыланады. 3. Өз білімі мен жолдастарының білімін саралай, бағалай білулеріне толығырақ мүмкіндік туады. 4. Бір – біріне бар ынта – жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейім болады, үйрете жүріп өзі де үйренеді. 5. Оқушылардың бір – біріне жолдастық, достық қарым – қатынастары арта түседі. 6. Топтық жарыстар кезінде ұйымдастарудың жөн – жобаларын үйренеді, ұйымдастырушылық қабілеті артады. 7. Бағалау жұмысын салыстырмалы түрде жүйелі жүргізе алады. Әрине, сабаққа қойылатын қазіргі заман талаптары мұғалімнен зор шеберлікті қажет етеді. Мұғалім сабақ үрдісінде материалды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс – тәсәлдерді таңдап алуы қажет.Сонда ғана оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар жеке тұлға болып қалыптасады.Әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруде оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған инновациялық технологияны меңгеріп, жаңашыл әдіс – тәсілдерді пайдалануымыз қажет. Топқа гүлдің түрлері, жануарлардың түрлері, геометриялық фигуралар бойынша т. б. жәнеде өтілетін сабақтың тақырыбына байланысты бөлуге болады. Мұғалімдерді жемістердің түрлері бойынша топқа бөлу. Мұғалімдерге «Мінсіз оқушы» қалай болу керектігі туралы және «Мінсіз мұғалім» қалай болу керектігі туралы тапсырмалар берілді. Мұғалімдер топпен және жеке берілген тапсырмаларды орындады. Мұғалімдермен «Сағат тілі» атты сергіту сәті өткізілді. Коучинг сессия соңында мұғалімдер «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы өз пікірлерін жазып, тілек ағашына ілді. | |
Просмотров: 1904 | Загрузок: 367 | |
Всего комментариев: 0 | |