Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Бастауыш сыныптарға

Сын есім
[ Скачать с сервера (51.0 Kb) ] 25.02.2015, 15:20
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы
Базарбаева Ботакуз Казиевна №36 ЖОББМ
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сын есім туралы толық теориялық білім бере отырып, сөйлем ішінен сын есімді тауып, сұрақ қоюға, сұраққа ынта-ықыластарын аудару.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөз таптары туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорын дамыту
Тәрбиелігі: Кішіпейілділікке, жылдамдыққа, мәнерлі сөйлеуге, сауатты жазуға тәрбиелеу
Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, ереже, күннің суреті, интерактивті тақта
Әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап, , топтастыру
Түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
1-слайд
Таңертең де, түсте де
Көкке бетін бұрады.
Жылылығын баршаға
Төгеді де тұрады.
Бұл не?
-Күн
2-слайд Көңілді

тамаша

шуақты

бұлтты жылы

-Ендеше бүгінгі күнге сәттілік тілей отырып,көңіл күйімізді тақтаға келіп жазайық.
- Өте жақсы.
- Балалар, күн дегеніміз қандай сөз табы
- Зат есім
- Ал, көңілді, шуақты дегеніміз қандай сөз табына жатады.
- Сын есім
- Жарайсыңдар.
- Осылайша зат есім мен сын есім байланысынан сөйлем құралады екен.
IІ Үй тапсырмасын тексеру
-Біз суретте ненің шуағын көрдік?
-Күннің
-Күннің нұры жылдың қай мезгілінде шуағын мол төгеді?
-Көктемде, жазда.
-Ендеше, үйге берілген «көктем шуағы»тақырыбындығы шағын эссемізді тексерейік.
ІІІ Жаңа сабақ /оқулықпен жұмыс/

Асқар Оразақын (1935 жылы туылған, Іле аймағы, Мүкей- Қаратас ауылы) — ақын. ҚазМУ-ді бітірген. Мемлекеттік кітап палатасында, "Жалын" баспасында әр түрлі жауапты қызмет атқарды. "Түңғыш", "Мейірім", "Күнгей", "Ләйла", "Көкорай", "Балқарағай"
- Балалар, көктемнің алғашқы айын атаңдаршы?
- Наурыз.
- Дұрыс, Асқар Оразақынның көктем айын бейнелейтін өлеңін оқимыз.
1- жаттығу
Ата- бабам тойлаған,
Наурызым, армысың!
Қызығыңа тоймаған,
Дарқан дала, қарлы шың.
Мерекені байырғы
Алды халқым қабылдап.
Ақ дастархан жайылды,
Ошақта от жалындап.
(Өлеңде не туралы айтылған)
IV Көркем жазу / дәптермен жұмыс/
Қолымызға қаламымызды алып көркем етіп жазайық
4-Слайд Тақтаға Нн дыбысын жазу наурыз /көктемнің алғашқы айы/
Көркем жазу
Нн Нн Нн Наурыз Наурыз Наурыз
«Әр топ наурыз мерекесі туралы бір сөйлемнен құрыстыру»
2- жаттығу
Бес жолды өлең
1 топ 2 топ 3 топ
мұғалім оқушы су
V -Сергіту сәті
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша бау.

3- жаттығу


Әр топтан бір-бір оқушы шығып сөйлем құрастырады.
4- жаттығу
Әр топтан бір- бір оқушы шығып сөз таптарына талдау
5- жаттығу
12 қарашада Қызылорда облысы, «Құмшығанақ» ауылында туған.
«Ақ желкен» журналында , 2003 жылдан өмірінің соңына дейін «Асыл сөз» газетінің Бас редакторы болып қызмет істеген.
Алты прозалық кітаптың авторы. Қаржау Айтолқын деген әдеби бүркеншік атпен екі өлең кітабын шығарды. Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Қоңыраулы бесік», «Әке», «Бала-балапандар» повестері бар.
Абай атам
Жатқа айтып беремін,
Абай ата өлеңін.
Ол- асқар тау, биігім,
Ол- шалқар көл, тереңім.
Қалады елдің өскенін.
Жырлады қыс, көктемін.
Абай жыры сияқты
Шуақ төгер көкте күн
VI Логикалық тапсырмалар
«Жауапты сұрақтан ізде» ойыны
1. Қолына раушан гүлін ұстаған қыздың атын білесің ба?
2. Қоянбаев Әсет орманда қандай аңды көрді?
3. Ертеде талды қорған болған қала қазір қалай аталады?
«Адасқан әріптер» ойыны
Ажун, мәіде, тқама, езгсі
VIІ Үйге тапсырма
179- беттегі, 6- жаттығу
VIІІ Қорытынды, бағалау
Тест
Категория: Бастауыш сыныптарға | Добавил: bbotaguz | Теги: сын, Есім
Просмотров: 1151 | Загрузок: 339 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar