Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Бастауыш сыныптарға

ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
[ Скачать с сервера (55.0 Kb) ] 03.04.2015, 10:22
ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚУ ҮРДІСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Егеменді еліміз тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманын іске асыру барысында, осы тұста өз жеткіншегін жан – жақты жетілген парасатты азамат етіп, тәрбиелеу – кез келген мемлекеттің басты да негізгі мақсаттарының бірі.
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» жолдауында: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді, олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрені биік, денсаулығы мықты өкілдері болады» - деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі күн талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартулар енгізіліп, кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болатындықтан, Қазақстан халқына әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі күмән тудырмайды.[2]
Бүгінгі таңда Республикамызда жалпы білім беретін шағын жинақталған мектептердің саны жыл санап артып келеді.
Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңында (1-бап, 23 тармақ) шағын жинақты мектепке «сынып жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нышаны бар, оқушылар саны шағын, жалып білім беретін мекеме» деп көрсетіледі.[1] Шағын жинақталған мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л.Толстой, К.Д.Ушинский өмір сүрген кезеңнен басталады. Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты XVIII ғасырдың 60 – жылдарында дүниеге келді. Бірқатар ғалымдардың (Т.Тәжібаев, Ә.І.Сембаев, П.А.Жильцов, Г.Ф.Суворова, А.Ө.Мұханбетжанова) зерттеулеріне қарағанда, сол кездерде Қазақстан топырағында өмірге келе бастаған орыс – қазақ мектептерінің басым көпшілігі бірнеше бөлімді (сыныпты) бір мезгілде бір мұғалім оқытатын шағын жинақталған бастауыш мектептер болған.Осы үлгідегі мектептердің пайда болуы, негізінен, К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, Н.Ф.Бунаков,Ы.Алтынсариндердің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты. Бұл ұстаз ғалымдардың, әсіресе, ауыл мектептеріндегі оқу – тәрбие ісін ұйымдастыруда, яғни ауыл балаларына арнап лайықтап оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда, оларға берілетін білім көлемі мен мазмұнын, оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін анықтауда сіңірген еңбектері аса зор болды. Содан бері мұндай мектептердің оқу – тәрбие жұмысын жақсарту мәселесі көптеген ғалымдар мен әдіскерлердің назарынан тыс қалған жоқ.[3]
Шағын жинақы бастауыш мектептің оқу – тәрбие ісінде уақытты дұрыс пайдалану – ең маңызды мәселелердің бірі. Уақытты дұрыс пайдалану үшін, мұғалім ең алдымен, орындалатын жұмыс түрлерін: мазмұндама, шығарма жоспарын, қазақ тілі, дүниетану, орыс тілі, сурет, еңбек сабағында керекті сызбалар, лото, түрлі – түсті суреттер сериясын күні бұрын даярлап алудан бастайды. Бұл жерде уақытты үнемдеудің оқушылардың сабаққа деген ынтасына да елеулі ықпал барын ескерген жөн. Мысалы, балалар бірден жұмысқа кірісіп кету үшін 5 – 10 минут шамасында тапсырма берілді.Бұл кезде басқа сынып оқушылары өздігінен орындайтын жұмыстармен айналысады.Ал өздігінен орындалатын тапсырманың мақсаты айқын болуы тиіс. Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастырғанда оқушының білімін бағалау, жеке жұмыс жүргізу, тапсырманы өздігінен қалай орындағандарын бақылап, жұмыстарын тексеріп отыру да педагогикалық шеберлікті, жете мән беруді талап етеді. Яғни, 45 минуттық бір сабақтың ішінде шағын жинақты мектеп мұғалімі 3 тіпті кейде 4 сабақты өткізіп, 3 не 4-сынып оқушыларын қатар оқытуға әрі әрбір «кіші сабақтың» білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарының орындалуын қадағалауға мәжбүр болады. Осыған орай сабақтың құрылымы да өзгереді. Бүгінгі күнге дейін сабақтың екі кезеңі анықталған болатын: мұғалім басшылығымен жұмыс және өздігінен орындалатын жұмыс. Бұл екі кезең «үлкен сабақтың» өн бойында бірнеше рет қайталанып отырады. Енді осы сабақтардың ұйымдастыру барысына тоқталсақ: ортақ тақырыптық қағиданы ұстанғандықтан белгілі бір тақырыпты ьарлық сыныпқа бір мезгілде өткізуге болдаы. Ал, жаңа сабаққа байланысты жаттығулар мен тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай әрбір сыныпқа лайықтап, саралап, әрқайсысына жеке орындатуға болады. Мұнда сабақ екі кезеңнен: біріктірілген (ортақ) бөлімнен және сараланған (дифференцияланған) бөлімнен тұрады. Енді осы екі жағдайды салыстырайық.
Бірінші жағдайда жаңа тақырыпты түсіндіру 4 – сыныпта сабақтың ең соңына түсуі мүмкін. Ал психологиялық еңбектердің бастауыш сынып оқушыларының жаңа матераилды шамамен сабақтың алғашқы 10 – 15 минутында ғана жақсы қабылдайтыны туралы пікірлерді кездестіреміз. Сондықтан сабақты бұл жолмен жоспарлау қиындық туғызары сөзсіз.
Екінші жағдайға келсек, мазмұны, идеясы жақын тақырыптарды алдан – ала іріктеп, барлық сыныпта бір мезгілде өту барысында мұғалім жаңа материал жайлы кіріспе әңгімесін, тіпті материалдың өзін барлығына бірдей түсіндіре алады және оқушыларды қатыстыра отырып сұрай алады.
Мұғалім бір сыныпта сабақты түсіндірген кезде екінші бір сыныптың балалары мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмысқа өз бетімен әзірленеді. Төменгі сыныпта да, жоғары сыныптарда да жаға материалды түсіндіру балаларға өөдігінен істейтін жұмыстарды тапсырумен аяқталады. Балалар өздігінен істейтін жұмыстарды алдымен мұғалімнің жетекшілігімен орындайды. Бұл үшін түсіндіруге арналағн уақыттың бірнеше минуты бөлінеді. Содан кейін балалар өздігінен жұмыс істеуге көшеді. Олар уақытқа байланысты тапсырманың біразын сыныпта орындайды, біразын үйде орындайды.Мұғалім сабақтың екінші жартысында жаңа материалды түсіндірген сыныптың балалары сыныпта өздігінен орындайтын жұмыстың аз ғана бөлігін орындайды – жұмысты сыныпта бастап үйде аяқтайды.
Бір сыныпта жаңа материалды түсіндіру, ал екінші сыныпта өткенді пысықтау немесе қайталау, оқушылардың білімін есепке алу сабағын жоспарлағанда жұмиыстың барысы жаңа материалдың қай сыныпта түсіндірілетініне қарай анықталады.Мәселен, егер жаңа материалды жоғары сыныпта түсіндіретін болса сабақпен жоспар шамамен айтқанда мынадай болып құрылуы мүмкін:
Сабақ төменгі сыныптарда мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыстан және жоғары сыныптарда балалардың өздігінен істелетін жұмыстан басталады. Бір сыныпта жаңа материалды түсіндіру екінші бір сыныпта өткенді пысықтау, қайталау немесе балалардың білімін есепке алудан басталатын сабақтың бұл түрі әдетте көп кездеседі. Егер өткен сабақты пысықтау немесе қайталау жүргізетін сынып өткен сабақта өздігінен жұмыс істеуге тапсырма алған болса немесе балалар осы сабақта үйде орындалған тапсырманы әрі қарай орындайтын болса ғана мұғалім екінші бір сыныпта сабақта балалармен тікелей жұмыс істеуден бастай алады. Осыған байланысты әрбір сыныптағы балалардың сабақта өздігінен істейтін жұмыстарын бөлу де өзгереді.Дегенмен, мұғалім көбінесе мына тәртіпті басшылыққа алу керек:
Бұл тәрізді сабақтарды өткенді пысықтау немесе қайталау, оқушылардың білімін жазба жұмыстарын тексеру, белгіленген сыныптарға тапсырма беруден бастау керек. Бұл мұғалімге келесі сыныпқа жаңа материалды түсіндіруге уақытты молырақ қалдыруға мүмкіншілік береді. Дегенмен өткенді пысықтау немесе қайталау болатын сыныпта, балалардың өздігінен істейтін жұмыстарынан кейін, мұғалімнің басшылығымен істейтін жұмыстар үшін 10 – 15 минут уақыт қалдыру қажет екендігін естен шығармау керек. Осылай жасғанда ғана өткен материалды пысықтау және қайталау болады.
Екі сыныптың екеуіне де өткен материалды қайталауға арналған сабақты құрудың ешбір айтарлықтай қиындығы жоқ. Бұл сияқты сабақтарда, алдағы айтылған сабақты өткізудің екі түрінен гөрі, балалардың өздігінен істейтін жұмыстарын өткізу мүмкіншілігі мол болады.
Мұғалім мұндай сабақтарда балалармен тікелей жұмыс істеуді өздігінен жұмыс істеу оңайыраққа түсетін сыныптан бастайды немесе балалардың өздігінен орындайтын жұмысы үшін алдын ала ауызша жаттығулар мен әңгімелерді қажет ететін сыныптардан бастайды. Егер де осы айтылған сыныптардың бірінде жазбаша бақылау жұмыстарын өткізу белгіленсе, онда мұғалім жұмысты сол сыныптан бастайды. Мұғалім бақылау жұмысын алғаннан кейін, балалар сол сағат бойына өздігінен жұмыс істей алады.
Ал екі сыныптың екеуінде де өткенді пысықтау немесе қайталау жұмысы жүргізілетін болса, онда мұғалім екі сыныптың екеуімен де тікелей жұмыстар жүргізеді не балалардың өздігінен жұмыс істеуі арқылы жүзеге асырылады.
Мұғалім үш және төрт сыныпты қатар оқытудың сабағын жоспарлағанда уақытты бөлу ең алдымен жеке сыныптарда істелетін жұмыстардың күрделілігіне байланысты болады. Сабақтың материалы қиындау болған сыныпта балалармен тікелей жұмыс істеуге мұғалімнің көбірек уақыт бөлетіні өзінен өзі түсінікті. Жаңа материалды түсіндіру, әдетте, өткен сабақты пысықтауға немесе қайталауға қарағанда мұғалімнің балалармен көбірек тікелей жұмыстар жүргізуін талап етеді. Мұғалімнің бұрын даярлап берген материалдары бойынша өздігінен жұмыс істейтін сыныптарда, өздік жұмыс көп уақытты алатындықтан, мұғалімнің басшылығымен тікелей жүргізілетін жұмыстардың шамасы ол сыныптарда 5 – 10 минуттан аспайды. Балалардың орындаған жұмыстарына қарап шығуға қажетті нұсқаулар беруге, болмаса тапсырманың сипатын өзгертуге бұл уақыт толығымен жетіп жатыр.[4]
Жоғарыда келтірілген мәліметтерде шағын жинақталған мектептегі оқу үрдісінің ұйымдастырылуына, өзіндік ерекешеліктеріне сипаттама бердік. Сонымен шағын жинақталған мектепте оқу үрдісін ұйымдастырудың төмендегідей ерекшеліктері бар:
-Екі сыныпты қатар оқытқандықтан, мұғалім әр сыныптағы оқушының білімін анықтауға, жаңа тақырыпты түсіндіруге, олардың сабақ барысындағы іс – әрекетін қадағалауға 15 -20 минут уақыт жеткіліксіз. Бұл жағдайда мұғалім сабаққа мұқият дайындалуы қажет және сабақ уақытын үнмеді пайдалануы тиіс.
-Бір сабақтың үстінде мұғалім әртүрлі жастағы, соған сәйкес ой – өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді. Мұнда әртүрлі жастағы балалармен жұмыс жасаумен бірге, бір пәннен екінші пәнге ауысып отыруға тура келеді. Бір сыныпқа тапсырма беріп, келесі сыныппен жұмыс жұмыс жасауға көшкенде оқушылардың жас ерекешелігіне қарай ыңғайланып, олардың білім дәрежесіне сай түсінік беруге ауыса қою үшін мұғалім балалар психологиясын жақсы білуі керек.
-Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз болатындықтан, оқушылардың сабақ үстінде бір – біріне алаңдайтынын, кейбір өздеріне керексіз мәселелерге көңіл бөліп, уақыт жіберетіндігін естен шығармауымыз керек. Әсіресе дауыстап оқу кезінде тақырыптың мазмұнына барлық оқушылардың көңілі ауып кету қаупі туады. Сондықтан да сабақ барысында оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысын дұрыс ұйымдастырып, оны орындау әдістерін жеткілікті түсіндірмейінше және қызықтырмайынша оларды іске жұмылдыру қиын болады.
-Бірнеше сыныпты бір мұғалім оқытқанда оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жолы, әдістері өзгешерек. Бұл өзгешеліктер оқу материалының мазмұны, иә көлемі жөнінде емес. Бірнеше сыныпты қатарынан оқытқанда да бағдарлама бойынша өтілетін материалдардың тәртібін бұзбай, қысқартпай, оқушыларға толық білім беру керек болады.
-Шағын жинақталған мектептегі сабақ оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмысы мен мұғалімнің басшылығы арқылы орындалатын жұмыстардан тұрады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 27.07.2007
2. «Қазақстан – 2030» стратегиялық жолдауы
3. Қаңтарбай С.Е. «Шағын комплектілі мектепте оқу әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктері»
4. Шағын комплектілі мектеп, №4,2010
Г.А.Шайхина «Бастауыш шағын комплектілі мектепте оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері»
Категория: Бастауыш сыныптарға | Добавил: Самал | Теги: Самал, Алдабергеновна, Кенжебаева
Просмотров: 1657 | Загрузок: 405 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar