Зерде Айбасова Күміс Маралқызы
Қопа орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хромтау ауданы Пәні: қазақ тілі Сыныбы: -4 Тақырыбы: -Зерде Мақсаты: -1) Оқушылардың оқу бағдарламасы бойынша алған білімдерін тексеру- 2) Ойлау қабілетін, түрлі дағдыларын дамыту, белсенділігін, ынтасын арттыру- 3) Ұжымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: -сұрақ-жауап, ойландыру Көрнекі-құралдар: -интерактивті тақта, кеспелер Түрі: -интелектуалдық ойын Өту барысы: І Кіріспе кезең Ойынның тақырыбымен, мақсатымен, бөлімдерімен, топтармен таныстыру, әділқазылар алқасын сайлау. ІІ Негізгі кезең 1-бөлім: Блиц сұрақтар Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Топ мүшелері сұрақтарға шапшаң жауап берулері керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан иеленеді. «-Тапқырлар»- тобына қойылатын сұрақтар: - 1 метрде неше см бар?
- 1 сағатта неше минут бар?
- Кез келген санды нөлге көбейткенде неше болады?
- Сөз мәйегі не?
- Домалақ ананың әулиелігі жөнінде қай шығармада айтылған?
- «-Кішіпейілділік»- әңгімесінде кімнің жақсы қасиеттері туралы айтылады?
- Екі не одан көп сөздерден құралған сөз қалай аталады?
- Бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысатын сөздер.
- Жер бедерінің биік бөлігі не?
- Салқын сөзіне қарама-қарсы сөз.
«-Білгірлер»- тобына қойылатын сұрақтар: - 1 км-де неше м бар?
- 1 минутта неше секунт бар?
- Кез келегн санды 1-ге көбейткенде неше шығады?
- Өзі бай болса да тынбай еңбектеніп, айналасындағыларға көмектесіп жүретін кім?
- «-Ересек оқушы»- әңгімесі кім туралы?
- Сөйлемдегі айтылған ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін сөз
- Екі не одан көп жай сөйлемнен құралатын сөйлем
- Теп-тегіс жер қалай аталады?
- Көрікті - сөзіне мәндес сөз
- Шешендік сөздер деген не?
2-бөлім: Керемет төрттік Қазақ тілі, әдебиет, математика, дүниетану пәндері бойынша сұрақтарға жауап береді. Әр пән бойынша 30 ұпай, 20 ұпай, 10 ұпай сұрақтары, әр ұпайда 2 - сұрақтан бар. Топ мүшелері жеке- жеке сұрақ таңдап, жауап береді. Математика 30 - ұпайлық сұрақтар: - v=30 км/сағ
- 2. v=30 км/сағ
S=150 кмS=150 км t= ?t= ? 20 - ұпайлық сұрақтар: - Жұмысты табу үшін не істейміз?
- Бір-біріне қарама-қарсы қозғалыстың жақындау жылдамдығын табу үшін не істейміз?
10 ұпайлық сұрақтар: - Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін не істейміз?
- Тіктөртбұрыштың периметрін табу үшін не істейміз?
Қазақ тілі 30 - ұпайлық сұрақтар: - Фонетика, синтаксис нені зерттейді?
- Күрделі сөздер деген не? Оларға қандай сөздер жатады?
20 ұпайлық сұрақтар: - Сөйлем мүшелерін ата. Олар қалай бөлінеді?
- Сөз мағыналары
10 ұпайлық сұрақтар: - Дыбыстар қалай бөлінеді?
- Қазақ тілінде неше септік бар? Оларды ата.
Әдебиет 30 ұпайлық сұрақтар: - «-Бір жерде тұрлау таппаған,
Қосылмай малы қаптаған..»- - қай өлеңнен үзінді? Авторы кім? - Теңеу деген не?
20 ұпайлық сұрақтар: - Өзінің балалық шағы, отбасы туралы жазған кім және ол шығарма қалай аталады?
- Отан туралы мақал-мәтелдер айт.
10 ұпайлық сұрақтар: - «-Ақ ірімшік»- кім туралы?
- «-Күріш туралы сыр»- әңгімесінде қарт дихан неге - қапаланды?
Дүниетану 30 ұпайлық сұрақтар: - Далал өсімдіктері мен жануарлары
- Пайдалы қазбалар
20 ұпайлық сұрақтар: - Таулар
- Жанғыш пайдалы қазбалар
10 ұпайлық сұрақтар: - Ежелгі адамдар қалай өмір сүрді?
- Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі
 -3-бөлім: Білімпаз  - - - Ойыншылар қазақ тілі мен математикадан берілген тапсырмаларды жазбаша орындайды. Қазақ тілінен тапсырмалар: - А) Мына сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздер жаз:
Алыс &ndash- - Озды &ndash- Мейірімді &ndash-  -Ақылды - - Ә) Мына сөздерге мәндес сөздер жаз: Жау - дос &ndash- Бағалы - сымбатты &ndash- - Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөз құрамына талда.
- Майра - - - - - ... - - - - - барды. 2. Бүгін - - ... - - - - - туған күні. 3. Мен жазда ... - - - - көрдім. 4. Жансая - - - ... - - досы.
3.Сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем құра. 1. Берік, алды, дүкенннен, кітапты. 2. Апам, менің, келді, қаладан. 3. Тілімен, бақа, қағып жейді, шыбынды. 4. Мына сөздерді септе: дала, себет. Математикадан тапсырмалар: - Автобус 50 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Жеңіл машина 20 км/сағ артық жылдамдықпен жүрді. 3 сағттан кейін машина қандай қашықтықты жүріп өтеді?
- Тіктөртбұрыштың ені 6 см, ұзындығы 3 см артық. Периметрін тап.
- Асан 7 шелек су әкелді, ал Арман 9 шелек су әкелді. Арманның әкелген суы Асанның әкелген суынан 10 л артық. Олардың әрқайсысы неше литр су әкелді?
- Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 см, ені 2 есе кем. Тіктөртбұрыштың ауданын тап.
4-бөлім: Сөз ойла, тез ойла «-Білімпаз»- сөзіндегі әріптерден басқа сөздер құрайды. ІІІ Қорытындылау кезеңі Әділқазылар екі топтың ұпайларын айтып, жеңімпаз топты жариялайды, мадақтайды.
|